Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Керменбаев ағасы Майғазиевтің ақылынан кейін отбасын халыққа көрсете бастаған

Нұржан Керменбаев халыққа отбасын көрсетуіне өнердегі ағасы Сәкен Майғазиевтің себепші болғанын айтты.

88855566666

Бұл туралы Астана арнасының “Ел аузында” бағдарламасында берген сұхбатында айтты деп жазады Stan.kz.

Нұржан Керменбаев көп жағдайда өнердегі ағасы Сәкен Майғазиевпен ақылдасып отыратынын айтады. Оған тұңғышының тұсауын кестірген болатын. Тіпті, жеке өмірін ағасының сөздеріне құлақ асып көрсете бастаған екен.

“Көптеген журналист менің жеке өміріме қатысты ғана сұрақ қояды. Сәкен ағам “Аналар бағдарламасын көрдім. Ерекше жылу сыйлады. Әрдайым осы кейпіңде бол. Алла қаласа, барлығы жақсы болады. Бірақ халықтың алдында толықтай ашық болуың керек. Сол кезде халық саған жақын болады” деп кеңес айтты”, – дейді Нұржан Керменбаев.

Ал Сәкен Майғазиев осылайша үлгілі отбасылардың қатарын көбейтіп, жастардың ажыраспауына себепші болғысы келетінін сөз етті. “Өзіңнің ұйып отырған отбасы екеніңді көрсеткенде тұрған ешнәрсе тұрған жоқ деп ойлаймын. Ол керісінше жастардың тату болуына септігін тигізеді. Қазіргі заманда ажырасулар өте көп болып кетті. Бұл – қатты белең алып тұрған, өзекті мәселелердің бірі”, – дейді Сәкен Майғазиев.


Жіберіп алмаңыз:

Әнші Шаһизада жаңа сүйіктісі туралы айтып берді

Анасы: Тыңдармандары Қайратты басқа қызбен елестете алмайды

Айдар Байжанов: Әйелді жасырған сайын бағалы болады

Жазира Байырбекова: Ұлым Қайраттай болса, өнеріне барымды салар едім

Талқылау