Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кері әсері жоқ, шешім бірауыздан қабылданды": Ермек Көшербаев бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты пікір білдірді

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев брифингте уақыт белдеуін өзгерту туралы шешім жан-жақты қарастырылып, қабылданғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: gov.kz

Көшербаевтың сөзінше, Шығыс өңірде уақыт адамдардың жұмысына қарай бейімделді. 

"Үкімет шешім қабылдаған соң, атқарушы органның басшысы ретінде оны орындауымыз керек. Шығыс өңірінің тұрғындары үшін бірқатар келеңсіздіктер болғанын айттық. Аймақта уақытты адамдардың жұмысына қарай бейімдеу шараларын жасадық. 1 қаңтардан бастап Қатонқарағай ауданы сағат 8:00-ден 17:30-ға дейінгі жұмыс кестесіне көшті. Бұл аймақ шығыс болғандықтан кей тұрғындар тіпті жұмысты сағат 7:00-де бастауды ұсынды", – деді ол.



Көшербаевтың сөзінше, Шығыс Қазақстан облысының тоғыз ауданындағы кәсіпорындар жаңа жұмыс кестесіне көшті. 

"Кешкі сағат 17.00-17.30-да жұмыстан босату психологиялық климатқа оң әсер етеді. Адамдарға жеке жұмысын істеуге көбірек уақыты болады. Бұл жұмыс кестесі тиімді болуы үшін жан-жақты күш салу керек. Өйткені тұрғындар жұмыстан кейін жеке мәселесін шешуі үшін пошта бөлімшелерімен, банктермен және басқа да мекемелермен келіссөздер жүргізу керек", – деді Көшербаев.

Вице-премьер Қазақстан қоғамы уақыт белдеуін өзгерту мәселесінде ымыраға келді деп есептейтінін жеткізді. 

Еске салайық, Қазақстан үкіметі елдегі бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты зерттеудің қорытындысын жариялаған еді. 

Талқылау