Кепілге алынған азаматтардың барлығы босатылды - ІІМ
Ішкі істер министрлігі Астанада қарулы азамат кепілге алған азаматтардың барлығы босатылғанын мәлімдеді. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Кепілдегі адамдар босатылды!”, – деді полиция.
Кепілге алынғандар полицияның шабуылынан кейін босатылды. Барлық қызметкерлер кеңсе ішінен шығарылған.
“Шабуылшы ұсталды. Барлығын дәрігерлер тексерді. Кепілге алынғандар мен шабуыл жасаған азамат зардап шеккен жоқ”, – деп қосты полиция.
Басып алушымен келіссөзді ішкі істер министрі Марат Ахметжанов жүргізген. Әскери операцияны да өзі басқарған.
Еске салайық, қарулы адам Астанадағы банктердің бірінің филиалына келушілерді басып алған. Ішінде жеті қыз бен бір күзетші бар екені хабарланды. Оқиға орнына арнайы жасақ келді. Kaspi банкінің баспасөз қызметі тек банк қызметкерлері ғана кепілге алынғанын хабарлады.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"