Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кенжебек Жанәбілов алғаш рет жарымен қалай танысқанын айтып берді

«Музарт» тобының кенжесі өзінің жарын осыдан 12 жылдай уақыт бұрын кездестірген. Кенжебек жары Жамиләмен салтанатты кештердің бірінде танысқан. Ол кезде әнші жігіт дәл осы қызбен отау құрып, балалы-шағалы болатынын білмеген еді. Биыл Кенжебек пен Жамиләнің отау құрғанына 10 жыл толды.

18160924_690184287828061_2062438506650664960_n

Осы орайда «Музарт» тобының әншісі «Той думан» арнасына жұбайымен алғаш қалай танысқанын әңгімеледі, деп жазады Stan.kz.

«Бір салтанатты кештердің бірінде мен қалып қойып, Жәмиләнің туған әпкесі бар. Жәмилә әпкесі екеуі қайтайын деп тұр еді, мен «сіз бара беріңіз, бұл қызды өзім апарып тастайын» дедім. Әпкесімен алдында танысқанбыз. Сосын әпкесі «бері кел» деп мені шақырып алып: «Сен күйеубала болғың кеп жүр ма?» – деді. Мен болсам: «Жоқ, ондай ойым жоқ, сіз осы жерде қалсыншы деген ниетпен өзім апарып тастайыншы деген ойым ғой», – дедім. Бетіме қарады да: «Мына қызға бірдеңе болса, сен басыңмен жауап бересің», – деді. «Жақсы» деп екеуміз шығып кеттік.

Қыстыгүні ғой, жер қар. Бұл кісі аяғына биік аяқ киім киіп алған. Жүріп бара жатып, ұста деп айтайын десе болмайды, жібермей тұр ғой. Бірінші рет кездесуіміз екеуміздің», – деп бастады әңгімесін «Музарт» тобының әншісі.

Бұдан кейін екі жас Алматыдағы Фрунзе көшесінің бойына шығып, такси тоқтатады. Кенжебек жаңа танысқан аруды Пушкин және Мақатаев көшелерінің қиылысына апарып тастайды. Жол барысында оның телефон нөмірін алу үшін барынша тырысып бағады.

«Үйіне апарып тастағаннан кейін таксиші жігіт: «Кенжебек, мына қыз келін ба қалай?» деп сұрады. Ол кезде мен бойдақпын. «Жоқ, аға, қазір ғана танысып, салтанатты кештен алып шығып едім», – дедім. Ол болса: «Менің көзқарасыммен, біршама інілеріме келін әпергенмін. Мына қыз нағыз келін болатын қыз екен», – деп айтты. Ол маған басқаша ой салып жіберді. Бұл кісіге деген сезімімді одан сайын арттырып жіберді», – деп еске алады Кенжебек.

Ал әншіге бір ұл және қос егіз қыз сыйлаған Жамилә ешқашан өнер адамымен отбасын құру туралы ойланбағанын айтты.

Жіберіп алмаңыз:

Гүлзира Айдарбекова су жаңа автокөлігін көрсетіп мақтанды

Оразада орамал тағып, жазда жартылай жалаңаш жүретін жұлдыздар сынға ілікті

Танымал қазақ ақыны кітап шығарған Есентаеваның әрекетін «қылмысқа» теңеді

Танымал актриса Шәкәрімнің поэзиясын насихаттау мақсатында ұятсыз фильмге түсті (видео)

Талқылау