Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кенжебек: Әйелім желіде танымал боп кетсе, отбасым бұзыла ма деп қорқамын (фото, видео)

Бастапқыда инстаграмға тіркеліп, жаңалықтарымен бөлісу жұлдыздардың күнделікті әдетіне айналған еді. Алайда, алғашқыда аталмыш желіде белсенділік танытқан Кенжебек Жанәбілов бүгінде суреттерді салуды саябырлатқанын айтады. Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген «Музарт» тобының әншісі, қазіргі таңда белең алған әлеуметтік желінің кемшін тұстары жайлы өз пікірін білдірді.

«Мен өзім көп отырғанды жақтырмаймын. Мысалға мен инстаграмның өзіне 4-5 күнде бір рет саламын шынымды айтсам. Мен посттан гөрі көбінесе еліміздегі немесе басқа елдерде болып жатқан жаңалықтарды қараймын. Содан кейін өзімнің ойлап жүрген жоспарларымды іске асыруға жұмсаймын», – дейді Кенжебек.

Сондай-ақ, Жанәбіловтің жұбайы да желіде отырады. Алайда, Кенжебек мырза, Жәмилә ханымның инста әлемде белсенді әрі танымал болғанын құптап отырған жоқ. Өйткені, өнер иесінің бұл сөзіне келтіре өзіндік деректері де бар көрінеді.

«Әйелімнің әлеуметтік желі арқылы танымал болғанын қаламаймын. Өйткені, әлеуметтік желіде көп отбасының шырқы бұзылып жатыр. Қызғаныштан, ортаға неше түрлі адамдар іріткі салған кезде кейбір отбасылардың бұзылып кетіп жатқандарын көріп жатырмыз. Сондықтан, отбасындағы әйел адамға қатты танымал болу керек емес. Көз алдымызда жүр. Қатты танымал болса отбасының шырқы бұзылады», – дейді “Музарт” тобының кенжесі.

Сонымен қатар, Жанәбілов мырза жанұясын жұрт назарынан тыс жерде ұстауға тырысатынын айтады. Мәселен, Кенжебектің егіз қыздары өнерге құштар болғанымен, Музарттық әнші кішкентай ханшайымдарының көпшіліктің көз алдында ән салып, әке жолын қуғанын қаламайтын болып шықты.

«Егіз қызым өнерге қызығады. Бірақ, мен олардың танымал болғанын қаламаймын. Өйткені, тіл, көз деген бар. Қазірдің өзінде БАҚ өкілдерінің көпшілігі сол егіз қызды түсіргісі келіп жатады. Өзім өнер саласында жүргеннен кейін қарсымын. Оның үстіне қыз баланың өнеріне мен қарсымын. Олар өз арамызда, туған-туыстардың ортасында айтып жүрсе жеткілікті», – дейді Кәлима мен Кәриманың әкесі.

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Жіберіп алмаңыз:

Қарындастары Төреғалидың отбасылық өмірде қатал жан екенін айтты

Төреғалидің ата-енесі 3 жылға кешігіп жасалған тойға қатысты пікір білдірді

Бүркіт: Мен опасыздықты кешіре алмайды екенмін

Мирас пен Құралай 4 түрлі себеппен Алматының төрінде дүркіретіп той жасады (фото)

 

Талқылау