Кенталды Қырғызстандағы тыңдарманы өзгелерден қызғанып, әнші үшін бәріне дайын екенін айтып жатыр
Сырға есімді Бішкек аруы осыған дейін де әншіге әлеуметтік желі арқылы түрлі сый жасап, оның айнымас тыңдарманы екенінін дәлелдеген. Тіпті “Сен ерекше жансың. Өзіңді күндіз-түні ойлап, ұйқысыз түндерді өткіземін. Сен мені күлдіруге тырыспай-ақ жанымды бақытқа бөлейтін жалғыз адамсың…” деп жазған. Енді Сырға әншіні өзгелерден қызғанып жатыр.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Эстрадамыздың жарық жұлдызы Кентал өзінің инстаграмдағы парақшасында ғашықтар күніне арнап тыңдарманының ерекше сый жасағанын жазды. Сыйлық иесінің Сырға есімді қыз екенін, оның бар екеніне шүкіршілік ететінін де тілге тиек етті.
Сырға есімді ару келесі бір жазбасында әйел адамдардың арам ойын білетіндігін, оларды өзінің қарсыласы деп қабылдамайтындығын да жазған.
“Ашығын айтсақ, қызғаныш деген орынсыз дүние. Оның ешкімге де керегі жоқ. Өйткені, менің ерім – ол тек менікі. Маңдайларыңызды тасқа ұрсаңдар да, ол ешуақытта сендердікі болмайды. Ешқашан!” деп әншіні өзгелерден қатты қызғанатындығын, ол үшін көп нәрсеге дайын екенін танытты.
Талқылау