Кентал салық төлегісі келмейтінін айтып ашуланды
Әнші дәл қазір жұмыссыз екенін айтып ашуланды. Яғни тұрақты жұмысы болмағандықтан, салық төлегісі келмейтінін айтты.
Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.
«Менде ЖК жоқ. Жұмыссыз адамға оның не керегі бар. Мен жұмыс істемеймін. Салық төлеген дұрыс деп ойламаймын. Әрине, белгілі бір өнімді шығарып, оны сату арқылы табыс тауып отырғандар салық төлеулері тиіс. Мен концерттерге де шығып жүргенім жоқ. Біз өз бетімізбен еңбектеніп, мәдениетімізге үлесімізді қосып жүрміз. Nойға шақырмайды да, ақша да төлемейді. Құдайдың өзі көмектесіп жатыр десем болады. Мен ақша тауып жатқан жоқпын. Неге салық төлеуім керек?» – дейді әнші.
Десе де, Кентал мырза тойға да, үлкен сахнаға жиі шығатын әншілердің қатарынан. Мұнымен қатар, әнші жылына міндетті түрде бірнеше бейнебаян ұсынып, жаңа әндер жаздырады. Ол тек қымбат дәмханаларда тамақтанғанды ұнатады екен. «Келіп отырған дәмхананың басшысын жақсы танимын. Танымалдылығымның арқасында көп нәрсе тегін бұйырып жатады», – дейді Кентал мырза.
Жіберіп алмаңыз:
Әнел Әрінова бұрынғы күйеуінен ұлы үшін “қайыр” сұрағысы келмейтінін айтты
Астанада Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі және Ninety one тобы тегін концертте өнер көрсетеді
Тұңғышбай Жаманқұлов шартты түрде жазалануы мүмкін
Мұрат Қожаның бұрынғы жары үш қызымен қалай күн көріп жүргенін айтты