Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кентал «Прости мне очень жаль» әнін басқа қызбен орындап кетті (фото, видео)

Отандық шоу-бизнес сұлуларына ұсыныс жасаудың хас шебері Кентал «нағыз махаббатын» тапты.

Screenshot_3

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жуырда Кентал мен Санда «Прости мне очень жаль» беянебаянын жарыққа шығарған еді. Жұрт қос әншінің арасында махаббат оты лаулады деп, екеуінің үйленетінін де болжады. Осы орайда Санда той көйлегімен суретін жариялап, елді одан әрі қызықтыра түскен болатын. Алайда бірнеше күннен кейін әнші басқа жігітпен «тұрмыс құрғанын» жария етті.

Кентал да жауапсыз қалмады. Санданың «опасыздығына» ол лайықты түрде жауап берді. Қалжың, әрине! Ол бар болғаны «Прости мне очень жаль» әнін кішкентай бүлдіршінмен бірге орындап, жұртты сүйсінтті. Айтпақшы, бұл балақай бейнебаянда Санда мен Кенталдың қызын сомдаған еді.


«Сүйіктімді енді жолықтырған сияқтымын. Осы сәтті пайдаланып, екеуміз ән де орындадық, Санда, ренжіме, бұдан былай бұл әнді тек Динамен айтатын боламын», – деп жазды әнші инстаграмдағы парақшасында.

Кенталдың желіде 165 мыңнан аса оқырманы бар. Десе де, оның аталмыш туындысын 200 мыңнан аса адам тамашалапты.

Желі қолданушылары: «қандай сүйкімді», «тәп-тәтті», «өте талантты қыз», «бұл жігіттің кім екенін білмеймін, алайда мына видеодан кейін оған ғашықпын», «тіл көзден сақтасын», – деп жазды.

Айта кетейік, Кентал бұған дейін әнші Кәмшат Жолдыбаеға ұсыныс жасап, елге жария етті. Алайда бұл да әншінің кезекті әзілі болып шықты.

Әнші Алладан Дина сияқты тәп-тәтті қыз беруін өтінді. Соған қарағанда Кенталдың келіншегін көретін күн де алыс емес сияқты.

Жіберіп алмаңыз: 

Кентал ағылшынша сөйлеп, жұртты күлкіге қарық қылды (видео)

Ажырасып кеткен отбасы Кенталдың әнінен кейін қайта табысқалы жатыр

Анна Седакова өзіне Кентал ұнайтынын айтты

Кентал әпкесімен 29 жылдан кейін кездесті (фото)

Талқылау