Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кенет өлсем, ақ денемді пышақ салып кеспеңдер!" Заманбек Нұрқаділовтың соңғы өлеңдері жарияланды

ҚыздарыменФото: https://www.instagram.com/zhunusova.makpal

Бүгін 12 қараша қоғам қайраткері, саясаткер Заманбек Нұрқаділовтың өмірден өткен күні. Саясаткердің жары, ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм күйеуінің соңғы өлеңдерін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әнші парақшасына жүктеген видеоға “Заманбек Нұрқадіровтің 2005 жылы жазған соңғы өлеңдерінен үзінді” деп жазған. Саясаткердің өлеңдерінің алғашқысы Мақпал Жүнісоваға арналған.

“Сенесіз бе?
Бір өзіңнен басқа жаннан бір жақсылық көрмеппін..
Дарын қонған асыл жанға еркіндікті бермеппін..
”Махаббат бар” – жетеді деп, қолды көп жыл сермеппін..
Мен жолыңды аша алмаппын, жібек жіппен кермеппін..
Дірілдеген әр әніңді моншақ жасап термеппін”, – делінген өлең шумақтарында.

Желі қолданушылары өлеңдер жинағындағы бір шумаққа аса назар аударды.

“Кенет өлсем ақ денемді пышақ салып кеспеңдер!
Іште жатқан бар ізгілік босқа ұшпасын, тиіспеңдер!
Ақ жарқынды, ақ келбетті шешем тосын жатыр ғой!
Мені өсірген ару ана жанына алсын, Батыр ғой”, – деп жазылған.

Өнер иесі марқұм жоласына арнап тағы бірнеше видео жариялаған.

"Зәкең осы әнді домбырамын жиі айтқызатын еді", - деп Мақпал Жүнісова "Есіңе мені алғайсың" әнін шырқады. 

Жүнісова Нұрқаділовтің шығармашылығынан да сыр шертті. 

Күйеуінің соңғы өлең жолдарын жариялаған Мақпал Жүнісоваға желі қолданушылары жылы лебіздерін білдіріп, жұбату сөздерін жазып жатыр. 

Айта кетейік, бүгін саясаткер Заманбек Нұрқаділов қаза тапқан күн. Оның жұмбақ өліміне 20 жыл өтті. Ел тарихында батыл шешімдерімен танылған Нұрқаділов билікпен бетпе-бет келіп, бұрынғы президентті ашық сынаған соң жүйенің ең қауіпті қарсыласына айналды. Оның өлімі ресми түрде "өз-өзіне қол салу" деп тіркелсе де, қоғам әлі күнге дейін бұл жұмбақты толық шешкен жоқ. Stan.kz тілшісі Нұрқаділовтің саяси жолына қатысты негізгі деректерді жинақтап, оқырман назарына ұсынады.

Айнұр Мұхади
Сәрсенбі, 12 Қараша, 2025 17:18
Талқылау