Кемеровода тағы да өрт шықты
27 наурыз күні Кемерово қаласының “Зимняя вишня” сауда орталығында тағы да өрт шықты.
Бұл туралы Mash Telegram-арнасы хабарлады.
Төменгі қабаттағы эскалатордың бірінің астына түтін шыққан. Өрт сөндірушілер тез арада отты өшіріп үлгерді. Жалын 5 шаршы метрді құрады. Өрт сөндірілген соң адамдарға ғимаратқа кіруге рұқсат берілді.
Естеріңізге сала кетейік, 25 наурыз күні Ресейдің Кемерово қаласында «Зимняя вишня» сауда үйінде өрт шығып, соңғы деректерге сәйкес 64 адам қаза тапты. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдаған болатын.
Тағы да оқыңыз:
Сағынтаев: Кемероводағы қайғылы жағдайдан сабақ алуымыз керек
Кемеровода терезеден секіріп өрттен аман қалған баланың жақындары түгел көз жұмған
Талқылау