"Келіспеуге амалым болмады": Қыдырәлі Болманов экс-шенеунік Иманғали Тасмағамбетовпен қызметтес болған жылдарынан сыр шертті
Танымал продюсер Қыдырәлі Болманов кезінде Алматы қаласының әкімі болған Иманғали Тасмағамбетов қызметке шақырғанын есіне алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Ашық дереккөз
Өнер иесі осыдан 17 жыл бұрынғы оқиғаларды баяндап берді.
“Бір күні Астанадан жаңа жылға қонаққа келген досымды шығарып салдым. Жаңа жыл қарсаңында 2-3 күн ұйқы қанбаған, үйге жетіп, ұйқы деген "айырылмас махаббатымның" құшағына "бетпен" құлап, ұйқыны бір қандырсам, болды деген ойда ғана тұрдым. Сол сәтте телефон шырылдады. Таныс емес нөмір. Көтердім. "Алло, сәлеметсіз бе, Алматы әкімдігінен, Иманғали Нұрғалиұлының қабылдау бөлмесінен қоңырау шалып тұрмыз. Қыдыралі Нұртайұлысыз ба?" деді. "Иә, менмін" дедім. "Сізді Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов кешкі сағат 20:00-де күтеді" деді. Ұйқы деген арсыз ғой, оның үстіне демалыс: "кешіріңіз, бүгін үлгермеймін" дей бергенім сол еді: "Сіз қайдасыз?" деді телефонның арғы жағындағы адам жұлып алғандай. "Тауға шығып кетіп едім" деп едім, хабарласып тұрған азамат та осал "жау" емес екен: "Сол тауға шыққан жолың бар емес пе, сен айналайын, сол жолмен қайтадан түсе ғой, сағат 21:00-де Иманғали Тасмағамбетов сені күтеді" деді. Сөз тапқанға қолқа жоқ, келіспеуге амалым болмады. Сағат 21:00-де әкімнің кабинетінің есігін аштым", – деп әңгімесін бастады продюсер.
-
Қарақат Әбілдина Тасмағамбетовпен қандай қарым-қатынаста екенін айтты
-
"Нардың жүгін көтеріп жүр": Әкелерін арқалаған Қыдырәлі Болмановтың ұлдарына көпшілік сүйсінді
Сөзінше, экс-әкім қызмет ұсынып, өнер иесі сол қызметтен бас тарта алмаған көрінеді.
“Бір жағынан, мен түк түсінбей отырған соң қалай "иә" дерімді, екінші жағынан, "Ұлытау" тобымен бірге Америкадан жеңіспен оралғанда біздің қолымызды алып, құттықтаған жалғыз шенеунік – Иманғали Тасмағамбетовке қалай "жоқ" деп айтарымды білмей отырмын. Бар айтқаным "қашан?" деген сөз болды. Қысқасы, қандай жобаға келіскенімді білмесем де "келісемін" деп айтып қойғанымды түсіндім. Иманғали Тасмағамбетов өзі де ұйықтамайды, өзгеге де ұйқы бермейтін, күні-түні елге қызмет ететін адам", – деді Қыдырәлі Болманов.