Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Келінінен сөз есту қандай қиын?!": Нұрсұлтан Жақсыген ажырасу себебін айтты

Танымал актер Нұрсұлтан Жақсыген әйелімен ажырасу себебін жайып салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/zhaksygen_n/

Өнер иесі 2018 жылы шаңырақ көтеріп, екі балалы болған еді. 

“Ауылдан ата-анамды қалаға алып келіп, қанша ғұмыры қалды дейсің жағдайын жасап, немерелерінің алдында мәз болып жүрсін деп едім. Өздері қалаға үйренісе алмай жүргенде келінінен сөз есту қандай қиын десеңші. Екі ортада қалып қойсам да әліптің артын бағып түзелер десем де, енді мені жамандап әлек әлуметтік желіде. Үй болған соң ыдыс аяқ сылдырамай тұрмайды деп жылы жауып қоя салатындай емес. Жәннатқа жету жолын ерін ата-анасының разылығына, әйелінің жәннатын ерінің разылығына байлап қойған жоқ па?! Дүние, ақша дегенге ешкім жеткен емес, отбасың ойран болып жатса ешнәрсе де керек емес. “Ақылға көнейік, бізден басқа балапандарымызға кім ата-ана бола алады” деген нәрсені де тыңдаған жоқ. Өзі барып арыз беріп, өзі алимент төлетемін деп тартып қалды. Балалар дегенде ет жүрегім езіліп кетердей әкелік махаббатымды быт-шыт қылды. Бізде бәрі болды махаббат да, сезім де, үйде ақша да. Тек кешірші менің қателігімді деген иілу болмады”, – деп жазды актер. 



Отандық киножұлдыздың айтуынша, екі ортада қалған балаларын қимай, татуласуға ниет білдірген. 

“Әркімнің өз шындығы бар. Сонда да отбасым үшін тау қопарар күшім мен ісім бар екеніне сенбеді. Біз ұрыссақ, уақыт өткенде сағынысып табысамыз, ал құдалардың көңілі қалады, сосын әулетіміз, әулеттен руға дейін кір келтіреміз дегенді жүрекпен ұғына алмады. Ең қиыны балалардың көзі жәутеңдеп қалады соңында. Әйел деген эмоциямен шешім қабылдап, соңында өкініп бармағын тістеп отыратын нәзік жандының бірі. Мен балаларымның анасын еш жамандамаймын. Ал ол бола бәрі оңай жақсы болғандай, мәз мейрам болып сіздерге айдай болып отыр. Бәрі өткінші. Екеуміздің ауыздан ашумен шыққан сөздер оттай береді, жүрек басқаша сөйлеп тұр. Сол үшін бақытты болу үшін тек кешіру мен түсіну ғана қажет. Үйде, ақша да, абырой да, бәрі де отбасының тату тәтті тұрғанына жетпейді. Ақылға келер, түсінер деген үміттемін. Тоқетерін тіл көз тиді деп топшыладық.
Аман болайық! Ата-анамыздың көңілік кірбің келтірмей аз ғана ғұмырында қәдіріне жете білейік”, – деді актер.

Еске салайық, әйелімен ажырасқан актер Нұрсұлтан Жақсыген алимент сомасын азайтуға арыз жазғанын айтқан еді. 

Талқылау