Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Келінінен өш алу үшін: Кейуана 3 жасар немересін тірідей көміп тастаған
Тәжікстанда өз немересін тірідей көміп тастаған 58 жастағы кейуана тұтқындалды. Хатлон облыстық сотының шешімімен Ходжарой Ашурова бас бостандығынан айырылды. Ендігі ол 18 жылын темір тордың ар жағында өткізеді.

Бұл туралы «Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне» сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Оқиға 12 қыркүйекте Навобод ауылында орын алған. Кейуана 3 жасар немересін жерге тірідей көміп тастаған. Бүлдіршіннің мүрдесі арада 6 күн өткен соң табылды.
Белгілі болғандай, ол мұндай әрекетке бір кездері келінімен арадағы араздық үшін барған. Осылайша, ол өшін туған немересінен алған.
Прокурор айыпталушыны 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Алайда судья Ашурованы 18 жылға қамау туралы үкім шығарды. Ол жазасын қатаң тәртіптегі түрмеде өткізетін болады.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"