"Келінімізді араластырмаңыздар": Руслан Берденовке қастандық жасаған күдіктінің әкесі мәлімдеме жасады
Коллаж Stan.kz
Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасады деген күдікпен ұсталған Ернар Жиенбайдың әкесі ресми мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Күдіктінің әкесі Жиенбай Пралиев бұл іске келінін араластырмауды сұрады. Сондай-ақ ол өз отбасының атынан Руслан Берденовке қолдау білдірді.
"Ата-ана ретінде бұл жағдай біз үшін үлкен соққы болды. Ұлымыз Ернар осындай іске барды дегенге әлі күнге дейін сене алмай отырмыз. Болған жағдайға қатты өкінеміз. Қандай жағдай болмасын, шын жүректен, бүкіл отбасымызбен Руслан Берденовтің тезірек сауығып кетуін тілейміз", – делінген мәлімдемеде.
Ернар Жиенбайдың әкесі тергеу мен сот әділ түрде істің барлық мән-жайын анықтайтынына сенім білдірді. Сонымен қатар халықтан асығыс қорытынды жасамауды және эмоцияға берілмеуді сұрады.
"Мен қазағыма жау емеспін": Руслан Берденовке қолдау білдірген Сәкен Майғазиевтің басы дауға қалды
"Ең бастысы келінімізді бұл жағдайға араластырмауларыңызды өтінеміз. Оның бұл оқиғаға ешқандай қатысы жоқ. Ол Руслан Берденовты ешқашан көрмеген, танысы да емес", — деді Жиембай Пралиев.
Еске салсақ, бұған дейін Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовті атып кеткенін жазғанбыз. Шабуылдың алдын ала себебі ретінде бірнеше нұсқа айтылды. Бірі Руслан Берденов шабуыл жасаған адамның әйеліне тиісті десе, енді бірі бұл жағдайды Шымкенттегі құрылыс саласындағы былықтармен байланыстырды.

"Баланы тұз қосылған суға шомылдыру, омырауын сығу" сынды салттар қаншалықты дұрыс – Мамандар жауап берді
