Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Алдына кім отыруы керек еді?" Келінімен видео түсірген Сәкен Майғазиевтің жары жұртқа жақпай қалды

Динара Майғазиева жұртқа жақпай қалдыФото: Видеодан скриншот

Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің жары Динара Майғазиева келінімен бірге видео түсіріп, көпшілікке жақпай қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесінің жары өзінің жеке бренді – “Динара” шайының Instagram парақшасында видео жариялаған. Кадрларда ол келінімен бірге ұлы отырған көлікке жақындайды. Бір сәтте ене де, келін де көліктің алдыңғы есігін ашуға ұмтылады. Сол кезде Динара Майғазиева келініне сынай қарап, ал келіні көзқарасын төмен түсіріп, есікті ашып береді. Сөйтіп, енесі күлімсіреп алдыңғы орындыққа, ал келіні артқы орындыққа отырады.

Алдына кім отыруы керек еді?” – деп жазылған видеоның жазбасында.

Әншінің жары мен келіні бұл видеоны әзіл ретінде түсіргенімен, желі қолданушылары олардың бұл әрекетін жылы қабылдай қоймады.

Қазақстандықтар видеоға біршама сыни пікірлер қалдырған. Олардың көпшілігі алдыңғы орындыққа – ұлының жанына отырған Динара Майғазиеваны сынға алды.

Құдай-ай, арты да алды да бір уақытта барады ғой”, “Сіз Сәкен ағаның жанында отырасыз. Ал келін өз жұбайының алдына отрыруы керек! Сіз екеуіне тамсанып артқа отырыңыз. Әркім өз күйеуімен отырсын!”, “Менің енем ұзақ сапарға шыққанда “Алдына отыра алмаймын” деп немерелерін өзі алып артқа отырады. Біз күйеуіміз екеуміз суретке түсіп, ән тыңдап қол ұстасып барамыз. Енемнің даналығы”, “Өзім өз жолдасыммен жүргенде жанына отырамын. Ұлдың көлігінде артқа отырамын”, “Әркім өз күйеуінің жанында отыруы керек”, “Күндес әйел сияқты келінмен жарысып. Келін алдына отырса не болады? Жастар өздері әңгіме айтып отырмай ма? Арты деген бастықтар отыратын сыйлы орын ғой”, “Әйелі отыру керек деп ойлаймын”, – деп жазған олар.


Сәбидің жынысын әншінің өзі анықтады: Сәкен Майғазиев сүйінші жаңалығын бөлісті

"Әніңді айтып, тыныш жүре берсеңші”: Нұрлан имамның алдында уағыз айтқан Сәкен Майғазиев қызу талқыға түсті


Айта кетейік, бұған дейін де желіде Сәкен Майғазиевтің жұбайы жұрттың сынына ұшыраған еді.

STAN.KZ
Жұма, 27 Наурыз, 2026 23:59