Келін екі рет тұрмыста болып, жүктілігін жасырған абысыны туралы айтты
Қазақстандық келіншек абысының өздерін қалай алдап келгенін айтып берді. Ол екі рет тұрмыста болып, жаңа үйдің босағасын жүкті болған шағында аттаған. Бастапқыда бұл туралы ешкім білмеген екен. Артынша дәрігерлерге қаратып, енесі келінінің ішіндегі өзінің немересі емес екеніне көз жеткізген.
Бұл туралы «Әйел құпиясы» парақшасында жазылды.
«Менің жолдасым үш ағайынды. Отбасында екі ұл, бір қыз. Өзі жақсы әрі қарапайым жан. Толықтай көңілімнен шығады. Қарындасы да, қайын інім де жақсы. Жуырда қайын інім үйленді. Барымызды жиып, елден қалмайық деп беташар жасадық. Алланың өзі кешірсін! Бірақ, келін бе, шайтан ба түсіне алмадым. Ол үйге келгелі басымыздан бәле арылмай қойды. Өзімнің келін болып түскеніме 5 жыл болған еді. Бір-бірімізбен мүлдем ұрыспайтынбыз. Ақшадан да тарлық көрмейтінбіз. Абысыным келгелі үйде жанжал бітпейді, ақша да жетпейді. Өміріміз біртүрлі болып кетті.
Уақыт өте келе абысынымның өтіріктері шыға бастады. Қыз деп алып келген келініміз екі рет ажырасқан екен. Үйге бір жарым айлық баласымен келіпті. Әлгі әйелдің алғашқы неке түнінде қайнымды пәктігіне қалай сендіргенін білмеймін. Қайын інім ақымақ әрі ақкөңіл жан. Өмір бойы біздің айтқанымыздан шықпайтын. Бірақ, үш ай ішінде қатты өзгеріп, туған бауырларына сол әйелге бола қол көтермек болды. Қайын інім оны бір көргеннен ғашық болып алып келген екен. Абысыным келе салысымен тестінің нәтижесін көрсетіп, жүкті екенін айтты.
Енем ішіндегі біздің бала шығар деп қалдырмақ болды. Артынша ауруханада көтергеніне бір жарым ай болғанын біліп есеңгіреп қалдық. Өзі баланың кімнен екенін нақты білмейді екен. Тұрмыстан қайтып келген соң, ойына келгенін жасап жүргенін түсініп отырған шығарсыздар?! Тіпті, кімді кінәларымды білмеймін. Дұрыс тәрбие бермеген әке-шешесі айыпты ма, оларды тыңдай алмаған өзі айыпты ма? Сіздерден пікір күтемін», – дейді Ақжарқын Айдаханова (есімі өзгертілді).
Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.
Жіберіп алмаңыз:
Бойжеткен шақырусыз келетін қонақтан мезі болғанын айтып жылады
Түсік тастаған әйел: Дәрігерлердің баламды пакетке салып бергені жаныма батты
Келіншек ай сайын ақша сұрайтын төркінінен қалай құтыларын білмей жүр
Жігіті пәктігіне сенбеген бойжеткен өзіне қол жұмсамақ болған