Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кел, татуласайық!": Бағдарламаның атышулы шығарылымы шын мәнінде нені көздеді

Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та "31 арнада" көрсетілетін "Кел, татуласайық!" бағдарламасына қатысты дау шықты. Наразылық тудырған шығарылым 14 жасында зорланып, ана атанған Қызғалдақ есімді қызға арналған еді. Арна көрермендер асығыс қорытынды жасады деп сендірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Ең басты мақсатым зорлаған жігіттерді соттату, түбіне дейін бару болды. Себебі олар мені қинап, зорлағаны үшін жауап беру керек деген ойым бар. Олар менің өмірімді құртты, ал өздері шалқып өмір сүріп жүр. Олай жүргенін қаламаймын", - деді Қызғалдақ Талғатқызы.

Қызғалдақ Талғатқызы дәл осындай өтінішпен бағдарлама авторларына жүгінген. Кәмелетке толғаннан кейін қыз өзін азаптаған адамдарды жазалауға шешім  қабылдаған. Заң бойынша білімі мен адвокат жалдауға ақшасы болмағаннан кейін "Кел, татуласайық!" ұжымынан көмек сұраған.

Бағдарлама мақсаты татуластыру болғанына қарамастан, бұл жолы ол туралы сөз де болмаған. 

"Біздің бағдарлама әділдікке жетуді, Қызғалдақтың ұлының биологиялық әкесінен алимент алуды, 3 жыл бұрын жабылған істі қайта ашуды қалады. Себебі, ол кезде Қызғалдақ кәмелетке толмаған еді, қазір ол өз құқықтарын қорғай алады", - дейді

Ток-шоу редакторлары Қызғалдаққа адвокат жалдаған. Ол құқық қоғау органдарына сұраныс жіберген.

"Қазіргі таңда іс бойынша тек бірнәрсені айта аламын, біз бас прокуратураға арыз жаздық. Одан кейін Алматы облысының прокуратурасы арқылы қылмыстық істі қайта қозғай алдық", - деді адвокат Әлбина Бақтиярқызы.

Қазір қорғаушылар қылмыстық іс бойынша тергеудің басталуын күтіп отыр. Сонымен қатар, Алматы сотында Қызғалдақтың ұлына алимент өндіріп алу бойынша іс басталды. 

Ал қоғам талқылауына себеп болған мақала авторы Назира Дәрімбет материалды бағдарлама атауы мен тұжырымдамасын ескере отырып жазғанын атап өтті.

"Онда басқа кейстер, басқа қатысушылардың мәселелері шешіліп жатқан шығар, білмеймін. Үй алып берген, ақша жинап берген шығар. Бірақ материал авторы, медиасарапшы ретінде мен қандай да бір сәйкессіздікке, оның ішінде журналистік стандарттарға, бағдарлама тұжырымдамасына сай емес нәрселерге назар аударғым келді", - деді медиасарапшы Назира Дәрімбет.

Бағдарлама көмегімен бірнеше кейіпкер баспаналы болған. Енді Қызғалдақтың да өз баспанасы бар. Оны бағдарламаны көрген кәсіпкерлер тарту еткен. Бағдарламаға көмек ұсынып тіпті шетелден хабарласқан.

Бұған дейін қоғам белсенділері мен заңгерлер "Кел, татуласайық" бағдарламасының авторларын жауапқа тартуды талап еткен еді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр