Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кек алғым келді": Күйеуін педофил деп айыптаған Құлпынай Қанат шындық детекторынан өтті

Күйеуін жасөспірім қыздарға тиісті деп айыптаған блогер Құлпынай Қанат шындық детекторының қатысуымен сұрақтарға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Блогер журналист Руслан Өтепбайға екінші рет сұхбат беріп, шындықты айтты. Желіде Құлпынай Қанат бұрынғы күйеуінің абыройына нұқсан келтіру үшін оны өтірік айыптады деген қауесеттер де тарады. Блогер күйеуінен кек алғысы келді ме?

“Иә, кек алғым келді. Неге екенін білмеймін. Қазіргі мақсатым кек алу емес. Қазіргі мәселе – қыздар. Мені әйел етіп алып тұрып, осындай қиянат істегені үшін жауап берсін деген ой келді. Алайда оны педофил деп айыптағаным кек емес. Оны педофил деп айыптағаным кек алу үшін емес", – деді желі жұлдызы. 



Сондай-ақ Құлпынай қыздарға араша түскеніне өкінетінін жеткізіп, студияда жылап қалды. 

“Істеген ісіме қатты өкінемін. Мені бәрі қаралап, қыздардың ата-анасы да жазғырып жатыр. “Балаң өліп қалсын” деген қарғысты да естідім. Егер қыздардың аналары менің жан айқайымды түсінгенде бәрі басқаша болар еді. Олар өзіме ұрысты. Қыздарының зорланып, жаман дүниеге ұрынып қалғанда өкінетін еді. Мен бекер сақтандырыппын. Жабулы қазан жабулы күйінде қалу керек еді”, – деп жылады блогер. 

Еске салайық, "Ғашық болып қалдым" деп жазып, кішкентай қыздарға қырындаған блогерге қатысты тексеріс жүргізілмек. 

Талқылау