Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

KEGOC IPO 10 жылдық табысты өсім мен тұрақтылықты көрсетті

10 жыл бұрын "KEGOC" АҚ KASE алаңында IPO өткізді. Содан бері акциялардың бағасы 3 есе өсті. "KEGOC" АҚ мерейтойын атап өтіп жатыр.

Биыл қор биржасына шыққанына 10 жыл толды. Осы кезеңде компания өзінің нарықтық құнын едәуір арттырып, тұрақты өсу және қаржылық көрсеткіштерін жақсартты. Сондай-ақ акционерлер алдындағы міндеттемелерін орындауға деген адалдығын көрсетті. Осы жылдар ішінде KEGOC акцияларының бағасы үш есеге өсті. Ал дивидендтерді ескере отырып, акциялардың жиынтық кірістілігі шамамен 410% құрады. Бұл жыл сайын орташа есеппен 40% құрайды.

Қаржы және есеп жөніндегі басқарушы директор Айгүл Әкімбаеваның айтуынша, IPO компанияның даму тарихындағы негізгі кезеңдердің біріне айналды.

“2014 жылы "Халықтық IPO" бағдарламасының аясында компания акцияларын қор нарығына  бастапқы орналастырды. Жергілікті нарыққа Қазақстанның жетекші ұлттық компанияларының акциялары, сонымен қатар қарапайым азаматтардың оларды басқаруға қатысу мүмкіндігі ұсынылды. Айта кету керек, листинг – бұл күрделі және кешенді рәсім, ол сонымен қатар эмитенттен ішкі және сыртқы қызмет процестерінің үздік әлемдік тәжірибелерге, тұрақтылыққа, ашықтыққа, корпоративтік басқарудың белгілі бір деңгейіне және басқа да бірқатар ұйымдастырушылық сәттерге сәйкестігін талап етеді. Сол кезде KEGOC листингке дайын болғандардың бірі болды. Сонымен қатар, орналастыру сәтті өтті. Өйткені акцияларға сұраныс ұсыныстан 27%-ға асып түсті. Бұл қазақстандықтар тарапынан жүйелік операторға деген жоғары сенімнің дәлелі болды." 

Компания бүгінде акционерлік құнын арттырып, активтер көлемін ұлғайтып, акционерлер алдындағы міндеттемелерін мінсіз орындап келеді. Маңызды оқиғаға байланысты компания қызметінің жетістіктері мен нәтижелерін атап өтеді. 

Инфрақұрылымның өсуі 

Компания Қазақстан бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің жүйелік операторы ретінде өзінің инфрақұрылымын едәуір кеңейтті. KEGOC құрылған кезде оның басқаруында 23 мың шақырым электр желілері мен 70 қосалқы станциясы болған. Бүгінде бұл 28 мың шақырым желі және 83 қосалқы станциясы, яғни соңғы 10 жылда 3 мың шақырымнан астам және 6 жаңа қосалқы станциясы салынды. Дамудың маңызды кезеңі Қазақстан Ұлттық электр торабына қосыла отырып, 500 кВ Алма қосалқы станциясын салу, Қазақстан Ұлттық электр торабын жаңғыртудың екінші кезеңі, Ақтөбе, Батыс және Сарыбай өңіраралық электр желілері желілерін реконструкциялаудың бірінші кезеңі, Қазақстан БЭЖ Батыс аймағының электр желісін күшейту, Түркістан қаласын сыртқы электрмен жабдықтау схемасын күшейту сияқты ірі инфрақұрылымдық жобалардың аяқталуы болды, оның аясында "Орталық" жаңа қосалқы станциясы салынды, Павлодар энергия торабының Қазақстан БЭЖ-мен байланысын күшейту, сондай-ақ, 220 кВ ЦГПП – Осакаровка қос тізбекті желісін қайта жаңарту, сондай-ақ негізгі жобалардың бірі – Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік транзитін салу, соның арқасында желілердің сенімділігі мен өткізу қабілеті едәуір артты, сондай-ақ елдің энергетикалық жүйесінің тұрақтылығы қамтамасыз етілді. 

Болашақ үшін инновациялар мен жобалар 

Компания инфрақұрылымды дамытып қана қоймай, инновацияларды белсенді түрде енгізуде. Энергетикалық желіні цифрландыру шеңберінде АРЧМ, ЦСПА, WAMS, WAСS сияқты серпінді жобалар іске асырылды, олар пайдаланудың алғашқы екі жылында 16 млрд теңге көлемінде экономикалық тиімділік әкелді. Қазіргі уақытта SCADA/EMS жүйесін жаңарту, WAMS жүйесін кеңейту және электр энергиясын сақтау жүйелерін басқару алгоритмдерін әзірлеу бойынша жобалар іске асырылу сатысында тұр. Компания жаһандық энергетикалық ауысу процесінің негізгі ойыншысы саналады. China Power International Development Limited-пен ынтымақтастықта энергия жинақтау жүйесін енгізуге ерекше назар аударылады, бұл таяудағы жылдары ЖЭК-тің күтілетін ауқымды интеграциясын ескере отырып, Қазақстан энергетикалық жүйесінің тұрақтылығы мен сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді. 

Жоғары қаржылық нәтижелер 

10 жыл ішінде KEGOC серпінді қаржылық нәтижелерге қол жеткізді. Компанияның кірісі үш есеге – 2014 жылғы 93,5 млрд теңгеден 2024 жылы 314 млрд теңгеге дейін ұлғайды, ал пайда 6,2 есеге – 8,6 млрд теңгеден 54,8 млрд теңгеге дейін өсті. Компанияның активтері екі есеге жуық артып, 1 трлн теңгеге жетті, ал ағымдағы активтер міндеттемелерден 3,7 есе, ал меншікті капитал қарыздан 4,4 есе артық. Осы кезеңдегі акциялардың бағасы 2014 жылғы 505 теңгеден 2024 жылы 1 500 теңгеге дейін өсті. 

Тұрақты даму және дивидендтер 

KEGOC акционерлер алдындағы міндеттемелерін орындауды жалғастыруда және жылына екі рет дивидендтер төлейді. Жалпы, компания жария болған сәттен бастап 282 млрд.теңге сомасына дивидендтер төледі, оның ішінде 2024 жылы 44,6 млрд. теңге төленді. Бұл ретте, 2024 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша ең жоғары дивидендтер — 22,7 млрд теңге немесе 1 жай акция үшін 82,4 теңге төленді, бұл компанияның таза пайдасының 64,5% құрады. Компанияның дивидендтік саясаты әрқашан инвесторлар үшін тұрақты кіріске бағытталған, бұл оның акцияларына жоғары қызығушылық тудырады. 
SPO компания акцияларын қайталама орналастыру.

2023 жылдың қарашасында компанияның шамамен 5% акциясын қайталама орналастыру да сәтті өтті. Инвесторлардан жалпы сомасы 34,8 млрд теңгеден асатын 50 мыңнан астам өтінім келіп түсті, бұл орналастырудың жоспарланған көлемінен 1,5 есе асып түсті. SPO нәтижесі акциялардың өтімділігінің артуы болды – биржада KEGOC акцияларының күнделікті сауда көлемі орта есеппен 70 млн теңгеге дейін өсті. SPO-дан тартылған қаражат Қазақстан Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің Оңтүстік аймағы желілерін күшейту жөніндегі стратегиялық инвестициялық жобаны іске асыруға бағытталған, бұл электр энергиясын тұтынудың болжамды өсуіне байланысты оңтүстік аймақ тұтынушыларын электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруға, сондай-ақ оңтүстік аймақта басым шоғырланған ЖЭК ірі объектілерінің қуатын беруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

Танымалдылық және әлеуметтік жауапкершілік 

KEGOC қаржылық жағынан өсіп қана қоймай, әлеуметтік тұрақтылық пен қауіпсіздік саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізуде. 2023 жылы компания алғаш рет ESG рейтингін 51/100 деңгейінде алды, бұл оның тұрақты даму мен әлеуметтік жауапкершілікке деген ұмтылысын көрсетеді. Соңғы 15 жыл ішінде KEGOC өз қызметін өртсіз қамтамасыз етеді, ал 10 жыл ішінде жарақат алу жиілігінің коэффициенті екі есе төмендеді.  

Болашаққа деген ниет 

Нарықтағы көшбасшы ретінде KEGOC мұнымен тоқтап қалмайды және үнемі жаңа жобалар мен технологиялардың әлеуетін зерттейді. Компания 2032 жылға қарай автоматтандыру деңгейін 90%-ға дейін жеткізуді мақсат етіп, процестерді жетілдіруді және өз қызметін автоматтандыруды жалғастыруда. Жоғары корпоративтік мәдениет, тиімді кадрлық және әлеуметтік саясат компанияға кадрлар айналымының төмен деңгейін және әлеуметтік тұрақтылықтың жоғары деңгейін сақтауға мүмкіндік береді, бұл оның одан әрі тұрақты дамуына ықпал етеді. 

IPO-ға шыққан сәттен бергі 10 жыл – бұл жай ғана сандар емес, KEGOC акционерлер алдындағы өз міндеттемелерін табысты орындап, инфрақұрылымды тиімді дамытып, компанияның акционерлік құнын арттыруға, қызметтер сапасын жақсартуға және Қазақстан Бірыңғай энергожүйесі жұмысының сенімділігін қамтамасыз етуге бағытталған болашақты белсенді түрде құрып жатқандығының жарқын дәлелі.

Талқылау