ҚазҰУ-дегі жер дауы: Жер учаскесінің азаю фактісі расталды
Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жер учаскесінің азайғаны расталды. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жер телімін түзетуге қатысты пост жариялағаннан кейін, тез арада министрліктің жұмыс тобы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп, баяндалған барлық фактілерді тексеруді бастады. Жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша ҚазҰУ жер учаскесінің 0,779 гектарға азаю фактісі расталды", - деді Аймағанбетов Мәжіліс депутаттарының сауалына жауап беру барысында.
Министрдің айтуынша, аталған жер учаскесіне қатысты кешенді тексеру жұмыстары жоспарлануда.
"Дегенмен бұл айда республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті ҚазҰУ-ға аудит бастауына байланысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес тексеріс жүргізу мүмкін емес", - деді ол.
Еске сала кетсек, ҚазҰУ-нің жері сатылып жатыр деген мәселені қоғам белсенділер көтерген болатын.
Сондай-ақ, аталған мәселеге қатысты Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев та түсініктеме берген болатын.