Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҚазТАГ агенттігінің бас редакторы үйқамаққа ауыстырылды

әмір қасенов

Фото: Әмір Қасеновтың жеке архиві

ҚазТАГ агенттігінің бас редакторы Әмір Қасенов үйқамаққа алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Астанадаға ұсталған Қасенов үйқамаққа жіберілді.

"Тергеу соты сотқа дейінгі тергеу органының сотқа дейінгі қамауға алу туралы өтінішін қанағаттандырмады. Әмір Қасенов тергеу кезінде үйқамақта болады. Жұмыс жалғасып жатыр", – деді адвокат Дәулет Жұмағұлов.


Астанада ҚазТАГ агенттігінің бас редакторы Әмір Қасенов ұсталды


Миллиардер Тимур Турлов ҚазТАГ басшылығына қозғалған іс туралы пікір білдірді


Тыңдалымға бес ерікті адвокат қатысты.

Еске салсақ, осыған дейін ҚазТАГ басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы жазғанбыз. Ақпарат агенттігінің бас директоры Әсет Матаев пен бас редакторы Амир Қасенов миллиардер Тимур Турлов басқаратын Freedom Finance компаниясының арызы бойынша күдіктілер деп танылған еді.

Қылмыстық іс жалған ақпарат тарату бойынша қозғалған. Әсет Матаевтың адвокаты Рена Керимова Қасенов пен Матаевты рәсімдік талаптарсыз күдікті деп тану өрескел қате екенін айтқан.

Ал Freedom Holding Corp. адвокаты Александр Камендровский арызды Тимур Турлов емес, “Фридом Финанс” компаниясы түсіргенін мәлімдеді. 

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 25 Желтоқсан, 2025 13:29