Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазпочта Аяз Атаға хат жазу науқанын ашық деп жариялады

“Қазпочта” АҚ жаңа жылға арналған “Аяз Атаға хат жазә акциясын бастап кетті. Хаттарды қабылдау 2016 жылдың 20 желтоқсанында аяқталады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

20161123123458

Әр хатты арнайы комиссия қарап, сыйлықтарды іріктемек. Бұл ретте әлеуметтік жағынан аз қорғалған, аз қамтылған отбасының балалары мен жетім балаларға басымдық берілмек.

“Өткен жылы біз серіктестермен бірге мыңға жуық сыйлық жасадық. Бұл жоба жаңа деңгейге көтеріліп, тіпті елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та қолдап, өз атынан сыйлықтар табыстады. Біз бұл жылы ол кісіден министрлер де үлгі алып, игі шараны жалғастырады деп үміттенеміз”, – деді “Қазпочта” АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин.

Қазақстанның барлық өңірлерінде сыйлықтарды компания қызметкерлері, серіктестер және БАҚ өкілдері Аяз Ата киімін киіп алып табыстайды.

Сондай-ақ, Аяз Атаға хат жіберген барлық балаларға көрсетілген мекен-жай бойынша Аяз Атаның атынан жауап хат пен естелік сыйлық жіберіледі.

Аяз Атаға хатты балалар кез-келген облыс орталығындағы бас пошта кеңсесіндегі, “Мега”, “Керуен”, “Батыр Молл” секілді сауда орталығындағы жәшіктерге салу арқылы жібере алады.

Оқи отырыңыз:

Алматыда мұғалімдер мен дәрігерлер Тәуелсіздік күніне орай сыйақы алады

Көшеден ақшасы бар әмиян тауып алған азамат иесін іздеп жүріп қайтарып берген

Есімін жасырған азамат мүгедек ерлі-зайыптыға 7 бөлмелі үй мен көлік сыйлады (фото)

Қазақстанда ата-ананың баласына қол көтеруін зорлық көрсетумен теңестіру ұсынылды

Талқылау