«ҚазМұнайГаз» жанармай бекетіндегі бензин бағасы шарықтап кетті
Астана қаласында орналасқан “ҚазМұнайГаз” жанармай құю бекетінде Аи-92 маркалы бензин бағасы қымбаттап кетті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Жалпы, сұранысқа жиі ие болатын жанармай құны ел астанасында ғана емес, Қазақстанның басқа қалаларында да қымбаттаған. Бұған дейін құны 128 теңге болып келген бензин, қазір 133 теңгеден сатылып жатыр. Ал Аи-95 маркалы бензин 145 теңгеден саудалануда.
Аи-92 бензині қазан айының соңында 128 теңгеге өскен. Еске сала кетсек, 2015 жылдың күзінде еліміздің монополияға қарсы агенттіктері Аи-92 және Аи-95 маркалы бензиндерін мемлекеттік тұрғыдан реттеуден бас тартқан еді. Осылайша жанармай бағасы еркіндікке жіберілген.
Оқи отырыңыз:
Назарбаев Қазақстанда өзінің Билл Гейтсін тауып алды
Назарбаевқа 25 млрд евро бергісі келген меценат осыншама ақшаны қайдан алғанын айтып берді
Теңге бір тәулік ішінде ең жоғарғы шекке дейін қымбаттап кетті
Астанада 68 жастағы қарияны металл іздегіштен өтерде шалбарын шешкені үшін жазаға тартты
Қазақстандықтар қарияны жақтап полицияның әрекетіне наразылық білдірді
"Алып қашып кетпек болған": Алматыдағы гүл сататын дүкен қыздың жеке дерегін біреулерге беріп жіберген
Белгілі болғандай, бұл жігіт бұған дейін де мазалап жүрген