"Қазір өзімді бақытты сезінемін": Танымал актриса Құралай Анарбекова алғаш рет ана атанды

Танымал актриса әрі продюсер Құралай Анарбекова тележүргізуші Дина Төлепбергенге берген сұхбатында жеке өміріне қатысты сауалдарға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Актриса алдымен кейінгі уақытта көпшілік назарынан не себепті жоғалып кеткенін түсіндірді. Оның айтуынша, көп адам мұны шығармашылық тоқырау, депрессия немесе жай ғана шаршаумен байланыстырады. Бірақ шын мәнінде жағдай мүлде өзгеше.
“Жоқ, бұл менің саналы түрде қабылдаған шешімім. Осы уақыт аралығында өмірімде көп дүние өзгерді. Көрінбей кетсем, басқаша күйде оралады деген сөз. “Періште” фильмінің түсірілімінен кейін “Мен дайынмын” деген іштей тұжырым пайда болды. Отбасы құрып, өмірімді өзгертуге дайын екенімді түсіндім. Бұрыннан іштей, психологиялық тұрғыда дайын болған кезде жанұя құрамын дейтін едім. Сол қалауым орындалды”, – деді актриса.
Өнер иесі бір жыл бұрын тұрмысқа шыққанын және жақында қызды болғанын айтты.
“Бір жыл бұрын тұрмысқа шықтым. Жақында ана атандым. Мен жаңа мәртебеме дайын болдым, сондықтан өмірім өзгеріп кетті деп айта алмаймын. Бірақ ана болғаннан кейін жауапкершілік ұлғайғаны рас. Саған 24 сағат бойы өзге адамның тәуелді екенін білгеннен кейін жауапкершілік артты, бәріне үлгеруге тырысып жүрмін, тіпті үлгеріп жүрмін деп айтсам да болады. Қазір өзімді бақытты сезінемін”, – деді актриса.
Продюсер сұхбат барысында жары жайлы да сөз қозғады.
“Ашып айтудың қажет жоқ ойлаймын, себебі адамдар танымайды. Екеуміз құрдаспыз, 5 жылдан бері таныс болдық. Көп уақыт бойы Мәскеуде тұрған, жанұясы да сол жақта. Қазір Алматыда тұрамыз.”, – деді ол.
"Бір-бірін ұзақ күтті": Құралай Анарбекова қалыңдық атанды
"Нағыз өз уақытында келді": Құралай Анарбекова жеке өмірінен сыр шертті
Айта кетейік, бұған дейін көптен көрінбей кеткен актриса Құралай Анарбекова сәби күтіп жүргені хабарланған еді.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған