Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазір ештеңе айта алмаймын": Перизат Қайрат тергеу изоляторында соққыға жығылғанын айтып көзіне жас алды

Сотталушы Перизат ҚайратФото: qazpolit.org

Перизат Қайрат сот отырысында тергеу изоляторының қызметкерлері оны соққыға жықты деп мәлімдеді. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Тengrinews.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Әйел сот залында журналистерге бұл туралы айтып жатып көзіне жас алды.

"Жай ғана моральдық тұрғыдан шаршадым, өйткені айналамда тым көп тергеуші жүр. Бірақ мұны ашық айта аламын, себебі бұл Астана қаласының прокуратурасындағы қылмыстық іске байланысты мәлімет", – деді күдікті Перизат Қайрат.

Сонымен қатар журналистер Перизат Қайраттан қысым көрді ме деп сұрады.

– Сізді ұрып-соқты ма сонда?
Мен нақты мәлімет бере алмаймын.
Дене жарақаты тіркелді ме?
Иә, іс ЕРДР-де (сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізілімінде) тіркелді.
Сізден не талап етті? Кінәні мойындатуға тырысты ма?
Мен қазір ештеңе айта алмаймын. Бүгінге дейін ешқандай түсініктеме берген жоқпын. Мені дұрыс түсініңіздер, ертең менің сөздерімді маған қарсы қолданбас үшін айтып отырмын" деп жауап берді Перизат Қайрат.

Перизат Қайрат қазір өзін жақсырақ сезініп тұрғанын айтып берді. Сот отырысында айыпталушы Перизат жаз бойы ешқандай арыз түсірмегенін, алайда оған бірде-бір қоғамдық қорғаушы берілмегенін айтты. Сондай-ақ ол бүгін алғаш рет туған анасын көріп тұрғанын жеткізді.


Перизат Қайраттың соты тікелей эфирде көрсетілуі мүмкін – Жоғарғы сот


Бас прокуратураның арнайы қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кекселдің үстінен іс қозғалды – БАҚ


Еске салайық, маусым айының соңында Бас прокуратура Перизат Қайрат пен оның анасы Гайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық істің мәні бойынша қарау үшін Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданғанын хабарлаған еді. Перизат Қайрат пен оның анасы азаматтар мен ұйымдардан 3 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқырды деп айыпталып отыр. Бұл қаржы мүмкіндігі шектеулі балаларға, сондай-ақ Қазақстандағы су тасқынынан және Таяу Шығыстағы қақтығыстан зардап шеккендерге қайырымдылық көмегі ретінде жиналған.

2024 жылдың қараша айында ол су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде жиналған 1,5 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікпен ұсталған. Тергеу деректері бойынша, бұл қаражаттың бір бөлігі элиталық жылжымайтын мүлік, көлік және қымбат шетелдік сапарлар сияқты жеке қажеттіліктерге жұмсалған.

 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 09 Шілде, 2025 16:00
Талқылау