Қажетіңді алып кете бересің: Түркістан облысында тегін дүкен ашылды
Түркістан облысы Төрткүл ауылында ерекше дүкен ашылды. Онда халық өзіне қажеттіні ақша төлемей-ақ тегін алып кете алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Түркістан телеарнасына сілтеме жасап.
Видеодан кадр
Мұндай бастаманы ауыл жастары қолға алған. Кейін сондағы үлкен ер кісілерде қолдау көрсетіпті. Осылайша кішігірім дүкен ашылып отыр. Онда ауыл тұрғындары тұрмысына қажетті заттарды тегін алып кете алады. Тіпті дүкен сөресінде қыстық, жаздық киімдер де бар.
“Төрткүл тегін заттары” деген атаумен ашылған дүкеннің негізі ерекшелігі – халықтың тұрмысын түзеу, жағдайы төмен отбасыларды азайту.
Аталмыш дүкенге мұндағы жұрт өзінен артылған киімдер мен бұйымдарын алып баратын көрінеді. Ал мұқтаж жандар қажетін алып кетеді.
Игі істі ұйымдастырушылар тауарды әкеліп өткізер кезде оның таза әрі жарамды екенін мұқият тексеріп, содан кейін ғана қабылдайды.
Сондай-ақ бұл бастама халықтың оң бағасына ие болса, алда өзге өңірлерде де дәл осындай дүкен ашуды жоспарлап отыр.

"Балам әкесінің дертін "мұра" етіп алды": Қазақстандық шизофрениямен ауыратынын 16 жыл бойы әйелінен жасырып келген
