"Казцинк" ШҚО және Ұлытау облыстарына әлеуметтік жобалар үшін миллиард теңгеден береді
"Казцинк" компаниясы ШҚО және Ұлытау әкімдіктерімен 2025 жылға ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кәсіпорын әр облыста әлеуметтік бастамаларды орындауға миллиард теңгеден бөледі. Қаражат медициналық және әлеуметтік ұйымдарды қолдауға, спорт нысандарына, инженерлік инфрақұрылымдар және абаттандыруға жұмсалады.
Бұл – "Казцинктің" әлеуметтік қажеттіліктерге бағыттайтын қаражаттарының бір бөлігі ғана. Осы мақсаттарға жұмсалатын жалпы шығын – жыл сайын шамамен 12 миллиард теңге. Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында компания шамамен 9 млрд теңгеге мектеп құрылысын қаржыландырады.
“Біз компанияның бөлімшелері орналасқан елді мекендер тұрғындарының ең өзекті бастамаларына әрқашан назар аударуға тырысамыз. Біз үшін өңірдің әлеуметтік әл-ауқаты маңызды, мұнда біздің қызметкерлер, олардың отбасылары жұмыс істейді және тұрады. Осы бағытта мемлекетпен бірлескен жемісті жұмысты жалғастыруға қуаныштымыз”, – деді "Казцинк" бас директоры Жанат Жанботин.
Жарнама құқығында