Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазцинк" Қазақстандағы олимпиадалық қозғалысты дамытуға 1,4 миллиард теңге жұмсамақ

Қазцинк_ Қазақстандағы олимпиадалық қозғалысты дамытуға 1,4 миллиард теңге жұмсамақ

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті мен “Қазцинк” ЖШС ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Келісім бойынша компания негізгі спорттық бастамаларды жүзеге асыру үшін 1,4 миллиард теңгеге дейін қаржы бөледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл қаражаттың басым бөлігі олимпиадалық спорт түрлерін дамытуға, сондай-ақ бірқатар ұлттық федерацияларды қолдауға жұмсалады. Айта кетейік, “Қазцинк” жоғары жетістіктер спортын қолдауға екінші жыл қатарынан инвестиция жасап келеді.

“Компания елдің әлеуметтік, мәдени және спорттық өміріне белсенді қатысады. Жоғары деңгейдегі спортты қолдау – әлеуметтік жауапкершіліктің маңызды бағыттарының бірі. Меморандумды жүзеге асыру спортшыларды даярлауға қосымша мүмкіндіктер ашып, олардың шеберлігін жетілдіруге және халықаралық беделді жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне ықпал етеді”, – деді компанияның бас директоры Жанат Жанботин.

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті бизнес өкілдерінің спортты дамытуға және ұзақ мерзімді жобаларды жүзеге асыруға қатысуының маңызды екенін атап өтті.

“Бизнес тарапынан көрсетілетін қолдау олимпиадалық қозғалысты дамытуда маңызды рөл атқарады. Әсіресе, отандық компаниялардың ел спортына көңіл бөліп, қолдау көрсетуі аса маңызды. “Казцинк” компаниясына осы бағыттағы жобаларды іске асыруға атсалысуға дайын екендігі үшін алғысымызды білдіреміз. Бұл келісім жоғары нәтижелерге жету жолындағы маңызды қадам болады деп сенемін”, – деді Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин.

 PR құқығында

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 01 Сәуір, 2026 12:13