Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазатомөнеркәсіптегі" жанжал: Бұрынғы топ-менеджер 86 миллион теңгені жымқырды деп айыпталды

қаржы мониторингі агенттігіФото: Видеодан скрин

Қаржы мониторингі агенттігі "Волковгеология" АҚ-да 86 миллион теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтап, істі сотқа жолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ құрылымындағы негізгі кәсіпорын геологиялық жұмыстар мен технологиялық бұрғылауға жауапты "Волковгеология" АҚ-ның бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады.

Компанияның бұрынғы басқарма төрағасы Д.Н. Молдаши екі жыл бойы орындалған жұмыстар бойынша жалған актілер рәсімделетін схеманы ұйымдастырған.

Аталған құжаттарда "Казбурмаш СК" ЖШС-нен жеткізілмеген қосалқы бөлшектер қабылданғаны туралы жалған мәліметтер көрсетілген. Осы жалған актілер негізінде контрагентке 86 млн теңгеден астам сома аударылған. Кейін бұл қаражат заңсыз иемделген. Тергеу барысында күдіктілер келтірілген материалдық шығынды толық өтеді. Қылмыстық іс сот қарауына жолданды.

Айта кетейік, осы іс аясында "Волковгеология" АҚ филиалының директоры А.М.Борашев, сондай-ақ "Казбурмаш СК" ЖШС басшысы Е.С.Алипбаев пен бухгалтер Г.Ж.Токатаева 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылған еді.


Маңғыстауда мұнай-газ саласында лауазымды тұлғалар миллиондаған қаржы жымқырды


"Мемлекетке қарыз": Министр экс-банкир Жомарт Ертаевтың тез бостандыққа шығуына қатысты пікір білдірді


Еске салайық, бұған дейін Астанада "Қазарнаулыэкспорт" экс-директоры Арман Рамазанов әскери өнімдерге бөлінген қаржыны жымқырғаны үшін 11 жылға сотталды. Мемлекетке келтірілген залал 1,6 млрд теңгеден асты, сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 10 Қыркүйек, 2025 11:15
Талқылау