Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Қазақтың бұлбұлы» Күләш Бәйсейітованың қызы Алматыда бір бөлмелі пәтер жалдап күнелтіп жүр

«Қазақтың бұлбұлы» Күләш Бәйсейітованың қызы осындай бейбіт заманда тұрмыстың тауқыметін тартып жүр дегенге кім сенеді?! Бірақ шын мәнінде солай. Биыл 77 жасқа келген Қарлығаш Бәйсейітова бар саналы ғұмырын Алматыда өткізіп келеді. Сөз жоқ, анасының өнері, одан даңқы шарықтау шыңына шыққан кезеңде Бәйсейітовтер отбасының алаңсыз, тарықпай өмір сүргенін, әжейдің өзі де айтады…

Қарлығаш Бәйсейітова

Бұл туралы Астана арнасы хабарлайды.

Күләш пен Қанабек Бәйсейітовтер ұрпақтарына Құралай, Қаршыға, Қарлығаш деп есім берген. Алайда Қаршыға 5 жасында, ал Құралай жиырмадан асқан шағында өмірден өтіп кетеді. Қайталанбас дарын иесінен қалған жалғыз тұяқ – Қарлығаш Бәйсейітова ғана.

«Біз анамның үйінде тұрғанбыз. Шевченко мен  Сталинде. Сондай жақсы тұрғанбыз. Анам қайтыс болғанда сол жерде тұра бердік. Неге десеңіз, әкем бізді тастады. Үйленді, басқа әйелді алды. Біз әжем, екі қыз, мен және Құралай, үшеуміз тұрғанбыз. Сосын тұрмыс нашар болып, әкем бізге көмектеспей, біз ана үйді ауыстырдық», – дейді Күләш Бәйсейітованың қызы Қарлығаш Бәйсейітова.

Мінезі жайдары, жүзінен нұры төгілген апамыз қазір аурушаң қызымен бірге Алматыда пәтер жалдап тұратынын айтады. Осы күнге дейін болмысымызға тән «айтуға ұяламын» деген қағидамен бәрін ішіне жасырып келеді екен. Әлі де солай. Асыл бейненің көзі, ұлы адамның ұрпағының осынша жасқа келгенде біреудің босағасында, жалдамалы баспанада өмір сүріп жатқанын ақын Ақберен Елгезек әлеуметтік желіде жазған. Қарлығаш Бәйсейітова сұхбат беру үшін кездесуге анасының атындағы музыкалық мектеп-интернаттың мұражайына келуді өтінген. Сонымен Қарлығаш әже неден ұялып, неге күрсінеді?

«Қазір пәтерде тұрамыз. Панфилов пен Мәметов көшлерінің қиылысында. Бір бөлмелі пәтерде. Қызым үшін. Қызым ауру. Соның қасында мен жүрмін. Ай, сондай жағдай… Мен айтпаймын, ұяламын… Мен бәрінен де ұяламын. Пәтерде тұратыныма ұяламын, қызымның ауыратынын, оны да ұяламын айтуға…», – дейді Күләш Бәйсейітованың қызы Қарлығаш Бәйсейітова.

«Қазақтың бұлбұлы» – анасы. Қарапайым кітапханашы болған Қарлығаш әжеге «Қазақтың Бұлбұлы» сияқты құрмет көрсету керек деп отырған жоқпыз. Тіпті «бүйтейік» деуге ауыз бармайды, себебі қатты қиналып жүрген қарапайым адам аз емес. Көп. Өте көп. Мұны бірінші кезекте тіршіліктің түрлі бояуына нұсқап, «адамның басы Алланың добы» деп ғана беріп отырмыз…

Оқи отырыңыз:

ОҚО-да спортшыны пышақтап тастаған қылмыскер 11 жылға сотталды

Астанада 14 жастағы оқушы қызға есірткі тасымалдау ұсынылған

Ақтөбеде лифтіде қаза болған тележүргізушінің күйеуі адам шошырлық жайды айтып берді

Астаналық ер адамдар өз директорынан интимді суреттер үшін ақша бопсалаған

Талқылау