Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақтың үш боксшы қызы әлемдік рейтингте көш бастады

AIBA шаршы алаңның шаңын қағып жүрген бұрымды боксшылардың жаңартылған рейтингін ел назарына ұсынды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

20161208095921

Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы түзілімінде қазақтың үш боксшы қызы ең жоғарғы орынға ие болған.

45 келіде 2 дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай көш бастаса, 54 келінің тізгіні Дина Жоламанға тиесілі болыпты. Сондай-ақ, 81 келіден жоғары салмақта жұдырықтасатын Ләззат Күнгейбаева бірінші орында тұр.

45-48 келі: 1. Назым Қызайбай (Қазақстан) – 2400 2. Марлен Еспраза (АҚШ) – 1812,5 3. Саржубала Шаметсабам (Үндістан) – 1600.

54 келі: 1. Дина Жоламан (Қазақстан) – 1700 2. Станимира Петрова (Болгария) – 1375 3. Стойка Петрова (Болгария) – 1362,5

+81 келі: 1. Ләззат Күнгейбаева (Қазақстан) – 2150 2. Зенфира Магомедалиева (Ресей) – 1700 3. Шилин Янг (Қытай) – 1550.

Ал биылғы Рио олимпиадасында атой салып, олимпиада ойындарында бокстан жүлде алған тұңғыш қазақ қызы атанған Дариға Шәкімова 75 келідегі боксшылардың ішінде 7-ші орынға жайғасқан.

75 келі: 1. Кларесса Шилдс (АҚШ) – 4190 2. Мирейле Фонтин (Нидерланды)  3. Ли Цун (Қытай) – 2250 7. Дариға Шәкімова (Қазақстан) – 1250 16. Виолетта Князева (Қазақстан) – 500

Оқи отырыңыз:

Златан Ибрагимович цирк стилінде гол соқты (видео)

Гей-боксшы қарсыласынан нокаут алып қалды (видео)

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа құрамы жарияланды

Жәнібек Әлімханұлы Жармановты екі рет нокдаунға түсіріп чемпион атанды

Талқылау