Қазақтың "Ортеке" музыка-қуыршақ өнері мен Қожанасыр туралы аңыздар ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енді
Мароккода ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар жөніндегі комитетінің 17-сессиясы өтті. Онда ұйым қазақ мәдениетінің екі элементін Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы тізіміне енгізді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

gov.kz
Сыртқы істер министрлігіне сенсек, тізімге “Ортеке” музыка-қуыршақ өнері мен Қожанасыр туралы әңгімелер енген.
“Ортеке” – күйші домбыра шерткенде үстел үстінде тұрған ағаш таутекені жіптің көмегімен билететін музыкалық-қуыршақ өнері. Ал ауыздан ауызға жеткен Қожанасыр немесе Қожанасыр Насреддин – Шығыс ауыз әдебиеті, әзіл-сықақ ертегілерінің кейіпкері.
Осы екі мәдениет өнімі енген Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентатив тізімі – дүниежүзін халықтардың мәдени дәстүрінен хабардар ететін архив. Енді онда қазақтың 13 мәдени мұрасы бар. Бұрын оған мына өнер түрлері мен салт-дәстүр енген еді: “Домбыра күй өнері" (2014), "Қазақ күресі" (2016), "Асық ату ойыны" (2017), "Жылқы бағатындардың көктемгі мерекелік салт-дәстүрі" (2018). Жеті элемент бірқатар елдің ортақ мәдени мұрасы болып саналған: "Киіз үй жасау" (2014), "Айтыс өнері" (2015), "Наурыз" және "Қатырма" (2016), "Қорқыт ата мұрасы" (2018), "Тоғызқұмалақ" (2020) және "Құсбегілік" (2021).
Қазақстандық әйел ұлын жапониялық мектепте оқытқаны үшін Жапон үкіметінен жәрдемақы алады