“Қазақтың қара қызы”: Желіде қара торы бүлдіршінді ойнатқан атасы мен әжесі көптің назарына түсті
Желіде атасы мен әжесінің құшағындағы қара торы бүлдіршін көпшілікті таңғалдырды. Мұнда отбасы кішкентай қызды ойнатып, бағып отырғаны көрсетілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сурет желі кадрларынан скринделген
Бейнеролик 1,6 миллион қаралым жинаған.
Бейнебаяндағы бүлдіршіннің анасы сол үйдің келіні болса керек. Ол қазақ тілін белсенді түрде оқып, сәбиіне де үйретуде. Сәбидің аты Поляна.
Полянаны ойнатқан атасы мен әжесі желіде жұрт назарын аударды. Көпшілік жарыса пікір қалдырды:
"Құдай-ау, мұндай сұлуды қайдан алдыңыздар?" "Керемет балақай, жақсы отбасы. Сіздерге сәттілік, жақсы адамдар. Бұл күндері жақсы адам болу қиын!", “Көздері қандай әдемі, сүйкімді екен”, “Қазақтың қара қызы”, – деді көпшілік.
“Қазақтың қаны бұзылды”, “Осындай кезде не айту керек екенін білмеймін. Сөзім жоқ”, – деп кері пікір жазғандар да болды
@baby_pollyanna ♬ Happy Kids - Hello Brillion
"Екі дипломым бар, 5 тіл білемін": Қазақстандық ару Англияда саңырауқұлақ терумен айналысып жүр
Лаура: "Толықтай табыс 7 миллион теңгедей"
Қазақстандық қария 67 жылдан кейін бауырымен қауышты: Олар бір-бірін TikTok арқылы тапқан
Айкерімнің айтуынша, әкесінің отбасы шекара бөлінген кезде Қытай аумағында қалып кеткен