Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тұрғындар оң баға беруде": "Қазақтелеком" Павлодарда 5G желісінің 10 базалық станциясын іске қосты

Павлодар қаласында бесінші буын байланыс стандартын республикада өрістету жобасының келешегі мен күрделілігі талқыланды. "Қазақтелеком" басшысы Қуанышбек Есекеев пен өңір әкімі аппаратының басшысы Дидар Ибраев ірі телеком-оператордың еншілес компаниялары – Tele2/Altel мен Кселл 5G станцияларын салып, олардың толыққанды жұмыс істеуі үшін энергетикалық инфрақұрылымды дайындауға қажет рұқсат алу, сондай-ақ радиофобияны азайту үшін облыс тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мәселелерін сөз етті. 

Айта кетейік, қазіргі уақытта Павлодарда 5G-дің 10 базалық станциясы іске қосылған және облыс орталығының да, жақын маңдағы елді мекендердің де тұрғындары жаңа байланыс технологиясының барлық артықшылықтары мен мүмкіндіктеріне оң баға беруде. "Қазақтелеком" компаниялар тобына кіретін ұялы байланыс операторлары кезең-кезеңімен қала мен облыс тұрғындарын барлық заманауи цифрлық қызметтер мен сервистермен қамтамасыз ету үшін 4G және 5G базалық станцияларының санын ұлғайтуды жоспарлап отыр. Бүгінде өңірде мобильді интернет пен байланыс тарататын 300-ге жуық базалық станция орналастырылған.

"Қазақтелеком" АҚ Басқарма Төрағасы Қуанышбек Есекеев

"Павлодарда бізді билік те, халық та толық түсіністікпен қарсы алды. Сондықтан бұл аймақ 5G стандартының байланыс пен жылдамдықтағы артықшылықтарының қызығын жақын арада көреді деп үміттенемін. Республиканың басқа да облыс орталықтары сияқты – қазіргі уақытта Қазақстанда барлығы 1000-нан астам базалық станция орнатылған, оның ішінде Tele2 600-ден астам базалық станция. Біздің бұл бағыттағы жұмысымыз кестеден озып келеді", – деп атап өтті "Қазақтелеком" АҚ Басқарма Төрағасы Қуанышбек Есекеев.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр желтоқсан айында "Кселл" мен "Мобайл Телеком Сервис" құрамындағы операторлар консорциумы радиожиіліктерді тарату аукционының жеңімпазы атанып, байқау шарты бойынша компаниялар 2027 жылға дейін бүкіл елде 7 мыңнан астам 5G базалық станциясын орнатуы тиіс болатын. Дегенмен биыл қазан айында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев компанияларға жұмысты жеделдетіп, 2025 жылдың соңына дейін бесінші буын стандартының базалық станцияларын орнатуды тапсырды. "Қазақтелеком" компаниялар тобы Президенттің бұл тапсырмасын орындауға дайын, әрі осы мақсатта қазір бұл үшін барлық қажетті жағдайларды жергілікті атқарушы органдармен талқылауда.

Сонымен қатар, ірі телекоммуникация операторының басшысы Павлодар облысында аймақ тұрғындарын барлық қажетті телеком-қызметтермен қамтамасыз ету үшін: GPON технологиясы бойынша желі тарту, мыс желісін заманауи оптикалық желіге ауыстыру және т.б. секілді компания іске асырып жатқан өзге де жобалармен танысты. Компания жұмысының тағы бір басым бағыты – сервис пен халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру. Осы басымдық шеңберінде Павлодар қаласындағы клиенттермен жұмыс істейтін орталықта электрондық кезектің жаңа жүйесі іске қосылды. Болашақта telecom.kz сайты және мобильді қосымша арқылы кезекті алдын ала брондауға болады. Сондай-ақ, цифрлық құжат айналымына көшуді көздейді. “Онлайн брондау" функционалы жыл соңына дейін қолжетімді болады. 

"Электрондық брондау жүйесін іске қосу – компаниямызды цифрлық трансформациялау бағытындағы маңызды қадам. Мен жүйенің әртүрлі кезеңде қаншалықты дұрыс жұмыс істейтініне көз жеткізу үшін клиент жасайтын қадамның бәрінен өтіп шықтым. Жүйе кезекте күту уақытын және қағаз құжаттарды ресімдеу процесін қысқартуға мүмкіндік береді – осының арқасында клиент қабылдау ыңғайлы, әрі олар тез жазылып, ақпарат ала алады және өз сұрақтарын онлайн шеше алады. Біз өз клиенттерімізді заманауи және ыңғайлы қызметпен қамтамасыз етуге ұмтыламыз, ал кезекті электронды брондау - бұл мақсатқа жетудің бір жолы", - деді Қуанышбек Есекеев. 

Электрондық брондау терминалдары келушілерді қызмет бойынша бөлуді көздейді: қосылу, ажырату, қайта ресімдеу және т.б., бұл қызмет көрсету уақытын қысқартып, клиентті нақты кеңесшіге бірден жібереді. Сонымен қатар "Бір терезе" қағидасы клиентке бір мәселені шешу үшін бірнеше менеджерге жүгінудің қажеті жоқ екенін жеткізіп, оның жолы талон алған кезде басталып, қызмет көрсетілгеннен кейін аяқталады. Барлық шарт пен актілерге электрондық түрде қол қойылып, сонымен қатар қағаз құжаттарды әкелудің қажеті жоқ болғаны да өте ыңғайлы әрі оператордың да, клиенттің де уақытын үнемдейді. 

Талқылау