Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақтар жалқау: Барлау қызметіндегі Қазақстан жайлы құпия құжаттар

АҚШ Орталық барлау басқармасы (ОББ) 775 мың құжатты (13 млн. беттен тұрады) жария етті. Құжаттар 1995 жылы Билл Клинтонның президенттік жарлығымен құпиялылығын жоғалтқан. CREST (CIA Records Search Tool) мұрағатында қырғи-қабақ соғыс кезіндегі ОББ қызметі жайлы ақпараттар және сараптамалар, ғылыми зерттеулер бар, деп хабарлайды Қазақпарат ХАА.

8106667

Қазақстан туралы материалдардың басым бөлігі кеңестік ғалымдардың ғылыми рефераттарының, Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының, С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің, ауыл шаруашылығы, энергетика және т.б. арнайы маманданған ҚазКСР институттарының еңбектерінің аудармасы болып шықты. Қазақ КСР Ғылым академиясының қызметіне ерекше назар аударылған. Әсісересе, кадрлық ауыс-түйістер мен «Қазақ КСР Ғылым академиясының хабаршысында» жарық көрген симпозиумдар мен жарияланымдар қатаң бақылауда болды.

Құжаттарға қарап АҚШ Барлау басқармасының КСРО секілді ҚазКСР-ға да асқан қызығушылыпен қарағнын байқауға болады. Мұрағатта экология, мал шаруашылығы, этнопсихология, география, геофизика, геология, медицина, ядролық физика, металлургия, лингвистика, гидрометеорология және өзге салалар бойынша ғылыми зерттеулердің аннотациялары кездеседі.

Кеңес Одағы республикалары жайлы, көптеген газет қиындылары, КСРО кітаптарының аудармалары (Мәселен, «Неке және отбасы қарым-қатынастары»), «Ғылым және өмір» журналының үзінділері және радиобағдарламалардың стенограммасы сақталған.

Сонымен қатар Шыңжаң қазақтарының өмірі мен Қытайға қоныс аударған қазақтар жайлы мәліметтер қазақ тарихшылары мен зерттеушілерінің қызығушылығын тудырары сөзсіз.

Мәселен, Шыңжаң қазақтары қарым-қатынасқа жеңіл, сыпайы, қонақжай және тұрмыста тазалықты сүйетін халық деп көрсетілген. Олардың жағымсыз қылықтары жөнінде жалқаулығы, жігіттердің орынсыз батырсынатыны жазылған.

Мұрағаттағы деректерде көшпенділер тағамының 50% сүттен, 40% – еттен және 10% – жармадан тұратыны айтылған.

«Олар көкөніс мүлдем жемейді, есесіне, етті сүйсіне жейді. Жақсы көретін деликатестері – жылқы етінен жасалған шұжық. Қой етіне қол жетімсіз кедей адамдар негізінен, сүтпен және ірімшікпен тамақтанады, ал байлар қой етіне басымдық береді. Жылқылар қазақ ауыз әдебиетінде әсем, батыл және соғыста сенімді серік ретінде айтылып келген. Жылқылар арасында ақ аттың еті деликатес саналады, ал қойлардың ішінен сары бастыларды ұнатады. Қазақтар қымызды жақсы көреді… Олар өте мықты көшпенділер», – делінген барлаушылардың хабарламасында.

Жіберіп алмаңыз: 

“Димаш” және “Қазақстан” қытайлар ең көп іздейтін сөздер қатарына кірген

Қазақ халқының әйелдерге қатысты әдептері мен тыйымдары

Тарихы мен дәстүрі: Қазақ халқы қызды қалай тәрбиелеген?

Талқылау