Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жылынып, тамақтану үшін": Қазақтар Украинаның ірі қалаларында киіз үй орнатады

Қазақстандықтар Украинаға 42 генератор мен бірнеше киіз үй жіберді. Солардың бірі 6 қаңтарда Буча қаласындағы ең көп зардап шеккен ауданға орнатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

киіз үй

Сурет: Арман Шораевтың Facebook-парақшасынан

Украинадағы мызғымастық киіз үйі туралы белсенді Арман Шораев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

"Киевте құрылған сегіз киіз үйдің бірі. Бұл – "мызғымастық" пункті. Ресейде және Қазақстан да білуі үшін орыс тілінде жазып отырмын. Қазақстан Украинамен бірге", – деп мәлімдеді Шораев. 

Киіз үй Олекса Тихий көшесінде орналасқан және алдағы уақытта қала тұрғындары мұнда келіп жылына алады. Сондай-ақ адамдарға тегін палау, бауырсақ пен ыстық сусын берілген. 

киіз үй

Strana today басылымының мәліметінше киіз үй орналасқан аудан соғыс салдарынан ең көп зардап шеккен. 

"Қазақстан азаматтарының, Украинадағы Қазақстан елшілігінің және Украина халық депутатының, парламентаралық байланыс депутаттар тобының төрағасы Сергей Нагорняктың қолдауымен Киев облысы Буча қаласында мызғымастық киіз үйі ашылды", – деп жазды басылым. 

Депутат Сергей Ногорняктың сөзінше, киіз үйді құруға Украинадағы қазақ диаспорасы мен еріктілер көмектескен. 

“Алдағы уақытта мызғымастық киіз үйлерін Киев, Харьков пен Одессада орнатуды жоспарлап отырмыз. Қазір өзге қалалардан келіп түскен түрлі ұсыныстарды қарастырып жатырмыз. Көмек үшін рахмет, достар”, – деп жазды ол желідегі парақшасында.

киіз үй

Талқылау