Қазақcтандық теннисші Юлия Путинцева АҚШ-тағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды

АҚШ-та өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің жұптық бәсекесінде қазақстандық теннисші Юлия Путинцева жартылай финалға шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол бұл жарыста италиялық Элизабетта Коччиареттомен бірге өнер көрсетіп жатыр. Ширек финалда олардың қарсыластары грузиялық Екатерина Горгодзе мен мексикалық Рената Сарасуа болды.
Кездесу өте тартысты өтіп, үш сетке созылды. Алғашқы партияда қарсыластар басым түскенімен, кейінгі екі сетте Путинцева мен оның серіктесі таразы басын өздеріне бұрып, 3:6, 7:5, 10:7 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Юлия Путинцева наурыз айында Майамиде өткен турнирде жекелей сында сәтті өнер көрсете алмады. Ол кезде алғашқы айналымда тағы бір қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаға есе жіберген еді.
Енді Путинцева мен Коччиаретто финалға жолдама алу үшін америкалық дуэт Дезире Кравчик пен Кэти Макналлиге қарсы ойнайды.