Қазақстанның жаңа сыртқы істер министрі тағайындалды
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен ҚР сыртқы істер министрі ауысты.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі ақпарат таратуда. Президент жарлығымен Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов еліміздің жаңа сыртқы істер министрі болып тағайындалды.
Ол Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымындағы тұрақты өкілі қызметінен босатылды. Ал бұған дейін сыртқы істер министрі қызметін 2012 жылдың қыркүйегінен бастап Ерлан Ыдырысов атқарған болатын.
52 жастағы Қайрат Әбдірахманов әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (бұрынғы Киров атындағы) түлегі.
1987 жылы еңбек жолын университет мұғалімі ретінде бастаған. Ол әр жылдары Қазақстанның сыртқы істер вице-министрі, Ұлыбританиядағы Қазақстан елшілігінде кеңесші, Қазақстанның Израилдегі төтенше және өкілетті елшісі, сыртқы істер министрінің орынбасары қызметтерінде болды.
Ол 2008 жылы Қазақстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі қызметіне тағайындалған. 2011-2013 жылдар аралығында Қазақстанның Австриядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарғаннан кейін, БҰҰ-дағы қызметіне қайтадан оралды.
Оқи отырыңыз:
Депутаттар «Нұрлы жер» бағдарламасында бір қауіптің барын айтты
Мәслихат депутатын соққыға жыққан Мұхтар Тінікеев ауруханаға түсті
Министр 16 желтоқсандағы әлеуметтік желілердің істен шығуына қатысты пікір білдірді
Нұрсұлтан Назарбаев Астананың құрылысы үшін түн ортасында 50 млн доллар іздеген