Қазақстанның Бішкектегі елшілігінің жанында тағы да митинг өтті
Қазақ дипломаттары митингке шыққандардың талабын ел билігіне жеткізуге уәде берді.
Қырғызстандағы Қазақстан елшілігі ғимаратының жанында бүгін митинг өтті, – деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Митингке шыққандардың бірі Тұрсынбек Акунның айтуынша, акцияға 70-80-ге жуық адам қатысты. Олармен елшілік өкілдері кездесті.
«Біз 5 қарашаға дейін шекарадағы проблеманы шешуді сұрадық. Олай болмаған жағдайда Қырғызстан үкіметінен ЕАЭО-дан шығу туралы мәселе көтеруді талап етеміз. Қазақ дипломаттары біздің талабымызды өз елдерінің билігіне жеткізуге уәде берді», — деп атап өтті Акун.
Митинг бір сағатқа созылды.
Естеріңізге сала кетейік, алғашқы қарсылық акциясы 26 қазан күні Қазақстан елшілігінің жанында өткен болатын.
Жіберіп алмаңыз:
АҚШ-та педофилдердің төлқұжатына арнайы белгі қойыла бастады
iPhone Х телефоны үшін үш күн кезекте тұрған адамды жедел жәрдем алып кетті