Қазақстанның бас мүфтиі мектепте хиджаб киюге қатысты жауап берді
Қазақстанның бас мүфтиі Ержан Малғажыұлы Ақтау қаласына барған сапарында мектепте хиджаб кию туралы ойын айтты.
Бас мүфтидің айтуынша, Ислам дінінде хиджабты кәмілет жасына толған қыздардың киюіне парыз етіледі. Ал, Ислам дінінде қыздың кәмілет жасы 18 емес, оның бой жеткен кезімен байланысты.
«Қоғамда қазір осы мәселе көп талқыланып жатыр. Біз осыған қатысты өз пікірімізді де айтқан болатынбыз. Біз жастардың өздері оқып жатқан мекемеге құрметпен қарауларын сұраймыз. Сондықтан бұл мәселені мектеп басшылығы ата-аналармен ақылдаса отырып шешуі керек. Мектеп пен ата-аналар өзара келісімге келуі керек», – деді Ержан Малғажыұлы.
Талқылау