Қазақстанның жасөспірімдер хоккей құрамасы IA дивизионында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Фото: Stan.kz
Қазақстанның жасөспірімдер хоккей құрамасы IA дивизионында өткен әлем чемпионатындағы өнерін аяқтап, үшінші орынды иеленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Турнирдегі соңғы матчта қазақстандық хоккейшілер Украина құрамасымен кездесті. Бұған дейін украиналықтар Даниядан басқа барлық қарсыластарын жеңген болатын.
Қазақстан мен Украина арасындағы кездесуде есепті алғаш болып украиналықтар ашты. Екінші кезеңде біздің құрамадан Алишер Саркенов мұз айдындағы сан басымдығын пайдаланып, есепті теңестірді. Алайда кейін украиналықтар тағы екі шайба соғып, басымдықты қайта өз қолдарына алды. Ойынның аяқталуына үш минут қалғанда Алихан Бақыт есеп айырмасын қысқартты. Алайда үшінші кезеңде қазақстандықтар есепті теңестіре алмады. Нәтижесінде Украина 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында қола медаль иеленді. Украина күміс жүлдегері атанса, Дания чемпион атанып, жоғарғы дивизионға көтерілді. Айта кетейік, даттықтар барлық бес ойында жеңіске жетті.

"Дәрігерлер ішіңдегі балаңды алдыр деді": Астаналық азамат екі бүйрегі де істен шыққан әйелінің еміне көмек сұрайды
