Қазақстанның үш қаласында төтенше жағдай жарияланды
Фото: Павлодар облысы ТЖД
Павлодар облысының үш қаласында және бірқатар ауданында төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әкімдік мәліметінше, жергілікті атқарушы органдар өңірдің бірқатар елді мекенінде соққан дауылды желдің салдарынан келтірілген залалды бағалау бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Комиссиялар залал келтірілген орындарға барып, зардап шеккен азаматтардан өтініштер қабылдауды жүзеге асырады.
“Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия отырысының қорытындысы бойынша облыстың үш қаласында және бірқатар ауданында ТЖ режимі жарияланады”, – делінген хабарламада.
27 жыл сабақ берген: Дауыл кезінде кеудесіне ағаш қадалып көз жұмған әйелдің кім екені белгілі болды
Сонымен қатар 20-30 маусым аралығында апаттың салдарын жою бойынша өтініштер қабылданатын болады.
“Дауылдан зардап шеккен жеке үйлердің тұрғындары – азаматтардың жекелеген санаттары үшін 100 АЕК (393 200 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көзделген”, – деп атап өтті ведомство.
Еске салсақ, бұған дейін Павлодарда қатты дауыл болды. Қатты желден құлаған ағаш бұтасы такси жолаушысының кеудесіне қадалып қалғаны туралы жазған едік.

"Мүгедектер мен аурулар саны артып келеді": Бір аптадан бері түтінге тұншығып отырған атыраулықтар дабыл қақты
