Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның сыртқы қарызы 32 триллион теңгеге жуықтаған

Фoтo: depositphotos.com

Қазақстанның сыртқы қарызы жылдан-жылға өсіп барады. Сыртқы берешек 2023 жылдан бері 17%-ға артып, 32 триллион теңгеге жуықтаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Депутаттар бұл жағдайға алаңдаулы. Жоғары аудиторлық палатаның дерегінше, ел ішіндегі тиімсіз жұмсалған қаржы көлемі де айтарлықтай көбейген. 2023 жылы 250 миллиард теңге тиімсіз игерілсе, 2024 жылы бұл көрсеткіш 475 миллиард теңгеге дейін өсіпті. Яғни небәрі бір жыл ішінде екі есеге артқан. Бірақ қаржыға жауапты министрлік "алаңдауға негіз жоқ" деген пікірде.


Республикалық бюджеттен 862 миллиард теңгеге бұзушылықтар анықталды – Жоғары аудиторлық палатасы


“Мемлекет борышының жоғарғы шегі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер үшін жалпы ішкі өнімге 50 пайыздан аспайтын деңгейде белгіленген. Қазір мемлекет қаржысын басқару тұжырымдамасында белгіленген борыш индикатор рұқсат етілген шекте тұр”, – деді қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков.

Еске салсақ, бұған дейін ұлттық банк Қазақстанның сыртқы қарызы 164 миллиард доллардан асатынын мәлімдеген еді. 

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 19 Мамыр, 2025 23:08
Талқылау