Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құрылысшылар Қазақстанда құрылыс нарығының банкротқа ұшырайтынын болжап отыр

Бірқатар отандық құрылыс нысндарын салушылар Қазақстанда алдағы уақытта құрылыс нарығының құлдырайтынын және құрылыс компанияларының банкротқа ұшырайтындығын болжап отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап. 

Мұның себебін олар құрылыс материалдары бағасының тез өсуімен байланыстырып отыр. 

Тек ресми деректер бойынша, жыл басынан бері Қазақстанда құрылыс материалдарының бағасы 30% - ға қымбаттаған. 

"Қазір мердігерлер жұмыс істемейді, құрылысы аяқталмаған нысандар пайда болады. Нормативтік баға нарықтың өзгеруіне тез жауап бере алмайды. Ағымдағы нарықтық бағаларға көшу керек. Тұрғын үй бағасы тағы өседі, бірақ халықтың төлем қабілеттілігі мұны көтермеуі мүмкін. Бұл құрылыс нарығының құлдырауына және банкроттыққа әкелуі мүмкін", - деп есептейді Қарағанды облысының құрылыс салушылар қауымдастығының төрағасы Төлеген Әшімов.

Сарапшылар бұл мәселені шешудің бір жолы құрылыс материалдарын өндіретін жаңа отандық компаниялардың ашылуы деп ойлайды. 

"Қолжетімді тұрғын үйді арзан материалдармен ғана жасауға болады. Құрылыс материалдарын өндіретін өндірістер де оларға артықшылық беру керек. Бір жерлерде салық бойынша азайту болуы тиіс. Әкімшілік қолдау мен көмек көрсетудің көптеген мүмкіндіктері бар. Кейде мәселе салықта емес, бұны іске асыруға қолдау көрсетуде", - деп атап өтті экономист Бекнұр Қисықов.

Құрылыс нысанын салушылар құрылыс істері жөніндегі комитетке нарықты реттеу бойынша жаңа стратегия әзірлейтін кез келді деп санайды. 

Талқылау