Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның кей өңірлерінде 1 қарашадан бастап электр энергиясының тарифтері өседі

2024 жылы 21 қазанда энергетика министрінің бұйрығымен шекті тарифтерге өзгерістер енгізілді. Осылайша еліміздегі кей өңірлерде 1 қарашадан бастап электр энергиясының тарифтері көтеріледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Бірінші топта Б.Нұржанов атындағы Екібастұз мемлекеттік аудандық электр станциясы-1 бар. Мұнда 1 кВт/сағатқа 8,05 теңгеден 8,27 теңгеге дейін төленеді.

Екінші топ (Еуразиялық энергетикалық корпорация) 1 кВт/сағатқа 7,40 теңгеден 7,98 теңгеге дейін өседі.

Төмендегі топтар бойынша да электр энергиясының тарифтері көтеріледі:

  • тоғызыншы топ (АҚ "Астана-Энергия") – 8,49 теңгеден 9,28 теңгеге дейін;
  • 12-топ ("Қазақстан алюминийі" АҚ) – 6,05 теңгеден 7,87 теңгеге дейін;
  • 18-топ ("Степногорск" жылу электр станциясы) – 22,58 теңгеден 28,97 теңгеге дейін;
  • 28-топ ("Жаңажол" газ турбиналық электр станциясы) – 11,44 теңгеден 11,85 теңгеге дейін;
  • 39-топ ("З-Энергоорталық") – 13,79 теңгеден 15,09 теңгеге дейін;
  • 48-топ ("Казхром" трансұлттық компаниясы) – 7,59 теңгеден 10,67 теңгеге дейін.

Сонымен қатар тізімге жаңадан енгізілген компаниялардың тарифтері алғаш рет бекітілді:

  • 56-топ – 1 кВт/сағ үшін 43,92 теңге;
  • 57-топ – 56,63 теңге;
  • 58-топ – 26,08 теңге;
  • 59-топ – 22,56 теңге;
  • 60-топ – 3,07 теңге.

Бұл бұйрық 2024 жылғы 1 қарашадан бастап күшіне енеді.



Еске салайық, бұған дейін Алматы тұрғындары коммуналдық қызметтер үшін ай сайын төленетін соманың көп шыққанына наразылық білдірді. Олардың бірі видео жариялап, электр энергиясы үшін төленетін қаражат осы айда шарықтап кеткенін айтты. Қала тұрғыны Зарина Исаханованың айтуынша, ол өткен айға қарағанда 3 есе көп төлеген.

Талқылау