Қазақстанның хоккей құрамасы Чехиядан ұтылды
Қарсыластың қақпасына ұлттық құраманың шабуылшысы Максим Мұхаметов қана жалғыз гол соқты. Осылайша Қазақстан хоккейшілері Чехияға 5:1 есебімен есе жіберді. Бұл жайында Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ойын Ригада өтті. Ғалым Мәмбетәлиевтің құрамы осылайша В тобындағы екінші ойынын өткізді. Турнирде сапында бір де бір легионері жоқ қазақстандық құрама жарыстың басты фавориттерінің бірі Чехиямен ойнады. Кездесу ұлттық құрама үшін 1:5 есебімен жеңіліспен аяқталды.
Қазақстанның қақпасына Якуб Зборжил (9 минут), Доминик Кубалик (16, 59 минут), Лукаш Седлак (42 минут) және Ян Кошталек (46 минут) гол соқты. Қазақстан құрамасындағы жалғыз шайбаның авторы 32 минутта көзге түскен Максим Мұхаметов болды.
Осылайша Қазақстан құрамасы 2023 жылғы әлем чемпионатында бірінші рет қарсыласқа есе жіберді. Ұлттық құрама жарыстың алғашқы күні жеңіске жетіп, Норвегиядан айласын асырып еді. Қазақстандықтар келесі матчты 16 мамырда Швейцарияға қарсы өткізеді.
Ата-анамызды асырауға біз міндеттіміз бе?: Бұл сұрақ қазақстандықтардың пікірін екіге бөлді

