Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Экс-президенттің туыстарының дәулеті артқан: Қазақстанның ең бай адамдарының тізімі бір есіммен толықты

2023 жылы қазақстандық кәсіпкерлердің жалпы байлығы 23,9 миллиард долларды қүраған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Forbes.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Назарбаевтар аулети

Бірақ қазақстандық дәулетті кәсіпкерлердің жалпы активтерінің төмендегені байқалады. Мәселен, 2022 жылы ауқаттылардың тізіміне енгендердің дәулеті 25,3 миллиард доллар болған. Forbes Kaspi.kz  акционері Михаил Ломтадзені осы жылы Грузияның дәулеттілер тізіміне енгізген.

Былтыр қазақстандық паспортқа ие болған Тимур Турлов байлығын 900 млн долларға еселеген. Ол байлардың тізімінде бесінші орында тұр. 

Ал Forbes есебінше, қазақстандық ауқаттылардың тізіміндегі жаңа есім - Orbis Kazakhstan директорлар кеңесінің төрағасы Фаррух Махмудов. Ол рейтингтің 22-інші орнына жайғасты. Компания портфолиосына елдің 12 қаласында 33 АВТО орталығы бар Orbis Auto дилерлік желісі кіреді. Кәсіпкер сондай-ақ "АқсайГазСервис" АҚ-қа иелік етеді.

Құлыбаевтар жұбы бір жылда дәулеттерін 800 млн долларға арттырған. Олар екінші және үшінші орындарын сақтап қалды.

Байлығы 590 млн долларға бағаланған Дариға Назарбаева 14-ші орынға түсті. Ол өз иелігіндегі "DLS Group холдингтік компаниясы" ЖШС арқылы "Аймақ-Медиа" ЖШС, "A-Service Management" ЖШС (Астанадағы 4 жұлдызды "Думан" қонақ үйі) үлестерін иемденіп отыр. Сондай-ақ, ұлы Нұрали Әлиевпен (рейтингтегі №29) бірге "Еуропа плюс Қазақстан" ЖШС-ға иелік етеді.

Ал қазақстандық байлардың көшбасында Владимир Ким тұр. Оның дәулеті – 4 млрд 600 млн доллар. Ол KAZ Minerals Ltd 63,5%, "Kazakhmys Copper" АҚ 70% ("Қазақмыс корпорациясы" ЖШС кіреді), "Банк RBK"АҚ 89,71% иелік етеді.

Талқылау