Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда электрсамокатты жалға беретін кикшеринг компанияларға ешқандай айыппұл салынбаған

қанша айыппұл салындыФото: ChatGpt арқылы жасалды

Қазақстанның ірі қалаларында электрсамокаттарға қатысты рейдтер күшейді. Оған президенттің электрсамокаттардың қозғалысына қатысты заң қабылдауды тапсыруы мен халықтың жаппай шағымы себеп болды. Stan.kz Алматы мен Астана қалаларында қанша самокат айыппұл тұрағына жеткізіліп, кикшеринг компанияларға қанша айыппұл салынғанын анықтады.  

“6 мыңнан аса самокат айып тұрағына қойылды”

Ал Алматы қаласында полиция департаменті жүргізген тексеру нәтижесінде 6 000-нан астам электрсамокат арнайы тұраққа жеткізілген. 

“Жүргiзiлген рейдтік іс-шаралар барысында тротуарлар мен жол жүру бөлігінде электрсамокаттарды қараусыз қалдырудың көптеген фактілері анықталды. Олар жаяу жүргіншілер мен көлік құралдарының қозғалысына кедергі келтірген. Тексеру нәтижесінде 6000-нан астам электрсамокат арнайы тұраққа жеткізілді. Ал жыл басынан бері самокат жүргізушілерінің Жол қозғалысы ережелерін бұзуының 22 000-нан астам фактісі анықталды. Сонымен қатар құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 10 000-нан астам азаматпен түсіндіру жұмыстары жүргізілді”, – делінген хабарламада. 

Мәлімет бойынша, қалада электрсамокат жүргізушілері жиі ереже бұзады. Ең көп кездесетіндері тротуармен жүру, қорғаныш дулығасын кимеу және бағдаршамның қызыл түсіне өту.


Үш жыл ішінде 1,3 миллиард: Электрсамокат иелері Қазақстан қазынасына қанша салық төледі


Алматыда екі самокатшы жолды бөлісе алмай, төбелесіп қалды (видео)


Құқық бұзушылық түрлері:

– Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 620-бабы (Жол қозғалысына қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу) бойынша – 18 000-нан астам азамат жауапкершілікке тартылды. Бұл бап бірінші рет ескертуге әкеп соғады. Ал жыл ішінде қайталанса, 3 АЕК (11 796 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады;

– Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 615-бабы (Жаяу жүргіншілердің, жол қозғалысының өзге де қатысушыларының қозғалыс ережелерін бұзуы) бойынша - 2800 құқық бұзушылық тіркелді. Бірінші рет 2 АЕК (7 864 теңге), ал жыл ішінде қайталанса, 10 АЕК (39 320 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады;

– Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабы (Ата-аналардың балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамауы) бойынша - 135 жағдай тіркелді, айыппұл мөлшері - 10 АЕК (39 320 теңге) айыппұл салынады;

– Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабы (Абаттандыру ережелерін бұзу) бойынша – 406 құқық бұзушылық анықталды.

Сондай-ақ 135 ата-ана балаларына электрсамокатты жалпыға ортақ жолдарда жүргізуге рұқсат бергені үшін жауапкершілікке тартылды.

Ал полиция мәліметінше, қазір кикшеринг компанияларына құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын жою туралы ұсыныстар жіберілді.

“Қабылданған шаралар туралы хабарламаған немесе құқық бұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша шаралар қабылдамаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған”, – делінген хабарламада. 

Астана қаласында электрсамокат ахуалы қандай?

Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бүгінде елорда әкімдігінің коммуналдық тұрағына 3530 электрсамокат қойылды.

“Электрсамокаттарды тізгіндеген азаматтарға қатысты қазірге дейін, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 615-бабы (Жаяу жүргіншілердің, жол қозғалысының өзге де қатысушыларының қозғалыс ережелерін бұзуы) және 620-бабы (Жол қозғалысына қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу) баптары бойынша 6 586 әкімшілік хаттама толтырылды. Ал электрсамокат иелері Whoosh, Jet, Яндекс  кикшерингті компанияларға 30 әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде Whoosh-8, Jet-14, Яндекс-8, жалпы сомасы 176 940 теңге көлемінде айыппұл салынды”, –делінген хабарламада. 

Еске салсақ, бұған дейін президент Қазақстан халқына Жолдауында электрсамокаттардың қозғалысына қатысты заң қабылдауды тапсырған еді.

Жұмаділлә Нұрила
Сәрсенбі, 17 Қыркүйек, 2025 18:17
Талқылау