Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның бірінші ракеткасы әлемдік рейтингте үздіктер қатарынан шығып қалды

Фото:ATP

Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемдік рейтингте топ ондықта тұрған Александр Бублик үздіктер қатарынан шығып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының (ATP) әлемдік рейтингі жаңартылған тізімді жарияланды.

Оған сәйкес, Александр Бублик оныншы орыннан бір саты төмендеп, 11-орынға жайғасты.

Дәл осы оныншы орынға Индиан-Уэллс турнирінің финалисі, ресейлік Даниил Медведев көтерілді.

Рейтингтің көшін испаниялық Карлос Алькарас бастап тұр. Ол бұған дейін де бірінші орында болған.

Екінші орынға АҚШ-та өткен Индиан-Уэллс турнирінің жеңімпазы, италиялық Янник Синнер көтерілді. Үздік үштікті сербиялық тәжірибелі теннисші Новак Джокович түйіндеп тұр.

Сонымен қатар, қазақстандық теннисші Александр Шевченко төрт саты жоғарылап, 84-орынға көтерілді. Ал Тимофей Скатов төрт орын төмендеп, 195-орынға тұрақтады.

Айта кетейік, Александр Бублик соңғы рет “Мастерс” турнирінің үшінші айналымында аустралиялық Ринки Хидзикатадан жеңілген.

Ақерке Өмірхан
Дүйсенбі, 16 Наурыз, 2026 15:03