Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның барлық дерлік аумағында жол жабық

16 ақпан сағат 06:00-де бұрқасын, аяз, көктайғақ және қар көшкініне  байланысты Қазақстанның 17 облысының 16-да республикалық маңызы бар тас жолдардың 100 учаскесінде қозғалысқа шектеу қойылды. 2,5 мың көлік әзірге жолға шыға алмай отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Абай ауданы – 9 учаске (1243 км)

16 бірлік техника мен 22 адам жұмылдырылды. Учаскеде көлік кептелісі – 46 бірлік (11 жүк көлігі, 35 жеңіл автокөлік).

Ақмола облысы – 27 учаске (2201 км)

2 бірлік техника мен 4 адам жұмылдырылған. Учаскеде көлік кептелісі – 39 бірлік (жүк тасымалы).

Ақтөбе облысы – 5 учаске (778 км)

29 бірлік техника мен 50 адам жұмылдырылды. Учаскедегі 2080 көлік жинақталған (жүк тасымалы).

Алматы облысы – 1 учаске (84 км)

8 бірлік техника мен 8 адам жұмылдырылды. Көлік кептелісі анықталмады.

Атырау облысы – 1 учаске (9 км)

1 техника мен 2 адам жұмылдырылған. Көлік кептелісі анықталмады.

Шығыс Қазақстан облысы – 5 учаске (408 км)

18 бірлік техника мен 29 адам жұмылдырылды. Көлік кептелісі анықталмады.

Жамбыл облысы – 1 учаске (450 км)

9 бірлік техника мен 9 адам жұмылдырылды. Учаскеде 40 көлік кептелген (жүк тасымалы).

Жетісу облысы – 1 учаске (100 км)

7 бірлік техника мен 15 адам жұмылдырылды. Учаскеде 50  көлік кептелген (жүк тасымалы).

Батыс Қазақстан облысы – 1 учаске (133 км)

1 бірлік техника мен 1 адам жұмылдырылған. Көлік кептелісі анықталмады.

Қарағанды ​​облысы – 8 учаске (1158 км)

26 бірлік техника мен 28 адам жұмылдырылды. Учаскеде 52 көлік кептелген (жүк тасымалы).

Қостанай облысы – 11 учаске (1508 км).

5 бірлік техника мен 7 адам жұмылдырылды. Учаскеде 104 көлік кептелген (жүк тасымалы).

Қызылорда облысы – 1 учаске (815 км)

2 бірлік техника мен 3 адам жұмылдырылған. Көлік кептелісі анықталмады.

Павлодар облысы – 9 учаске (1624 км)

10 бірлік техника мен 11 адам жұмылдырылды. Учаскеде 61 көлік кептелген. (60 жүк, 1 қоғамдық)

Солтүстік Қазақстан облысы – 15 учаске (1924 км)

6 бірлік техника мен 6 адам жұмылдырылды. Учаскеде 17 көлік тұр. (16 жүк, 1 қоғамдық)

Түркістан облысы – 2 учаске (283 км)

1 техника мен 2 адам жұмылдырылған. Көлік кептелісі анықталмады.

Ұлытау облысы – 3 учаске (543 км)

3 бірлік техника мен 5 адам жұмылдырылған. Көлік кептелісі анықталмады.

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бүкіл желісі бойынша шектеу 13 261 шақырымға қолданылады. Жолда 2489 көлік қалып қойған (2452 жүк, 35 жолаушы, 2 қоғамдық). 141 бірлік техника мен 196 адам жұмылдырылды.

Талқылау